Досаев Алатау ауданындағы проблемалы нысандарды аралады

10 Ақпан 2022, 12:04
1348
Бөлісу:
Досаев Алатау ауданындағы проблемалы нысандарды аралады

Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімінің жұмыс кестесінде Алатау ауданы алғашқы локация болып белгіленді, өйткені мұнда инженерлік желілердің, жылжымайтын мүлік объектілері аяқталмаған құрылысының, жол жабыны болмауының және тағы басқа проблемаларға байланысты көптеген мәселелер қордаланып қалған. 

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аралау 14-аумақ шағын ауданындағы инженерлік желілер құрылысының аяқталмаған объектісінен басталды. Аудан тұрғындары мердігер – «Керегетас» ЖШС компаниясынан (сот жауапсыз деп таныған) 2017 жылдан бастап сумен жабдықтау және кәріз бойынша жұмыстардың аяқталуын күтуде. Бүгінде мұнда жолдың жоқтығы және жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесінде жол жабынын қалпына келтірудің мүмкін емес мәселесі өткір тұр.

Көшпелі жиын барысында қала басшысы проблемалық мәселені шешу жөніндегі шараларды іске асырудың негізгі кезеңдерін анықтады. Инженерлік желілердің құрылысын аяқтау және жол жабынын қалпына келтіру ағымдағы жылға жоспарланды.

Мегаполис басшысы Шаңырақ-1 шағын ауданындағы сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылыс барысымен танысты. Бүгінде мұнда 2460 жеке меншік үй орналасқан, 21 800 адам тұрады.

Досаев Алатау ауданындағы проблемалы нысандарды аралады

Көшпелі жиынның қорытындысы бойынша биылғы жылы Өтемісов көшесінің жолына орташа жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданды. Шағын ауданды сумен жабдықтау және кәріз желілерімен толық қамту үшін қала әкімі жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды және инженерлік желілер құрылысын 2022 жылы аяқтауды қаржыландыруды қамтамасыз етуді (ескерту - сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысын аяқтауды қамтамасыз ету үшін 45,7 км су құбыры және 53,7 км кәріз желілерінің құрылысы басталды) тапсырды. Инженерлік желілерді тартқаннан кейін бүкіл шағын ауданда асфальт жабыны қалпына келтіріледі. Жоғарыда айтылғандардан басқа, әкім мен тұрғындардың бастамашыл тобы «Халықтың бюджетке қатысуы» бағдарламасы аясында қоғамдық көлік санын ұлғайту және балалар ойын алаңдарын салу мәселелерін талқылады.

Алатау ауданын аралау кезінде кезекті локация Рахат-Мәдениет шағын ауданы болды, мұнда тұрғындардың көптеген шағымдарына жауап ретінде «Мәдениет» тұрғын үй кешенін жаңа Саин көшесі арқылы жаяу жүргіншілер өткелімен, жаяу жүргіншілер тротуарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ аялдама кешенін орнату және қосымша көлік бағыттарының желілерін іске қосу немесе жұмыс істеп тұрғандарын (шағын ауданнан қалаға дейін) ұлғайту жөнінде шешім қабылданды. Тұрғындардың өтінішіне жауап ретінде сауда нысандарын өте қажет тауарлармен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау аудан әкімі мен Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына тапсырылды.

Зерделі шағын ауданында қала басшысына Мөңке би – Саин бойындағы жолайрығының құрылысы және Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін Саин көшесін ұзарту жобасы көрсетілді, бұлар іске асқанда Момышұлы көшесіндегі көлік ағыны жеңілдейтін болады. Көлік қозғалысын іске қосу мақсатында Е. Досаев жұмыстарды кестеге сәйкес – 2023 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Досаев Алатау ауданындағы проблемалы нысандарды аралады

Зерделі шағын ауданы тұрғындарымен көпқабатты тұрғын үйлерді нығайту тақырыбы кеңінен талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты бөлімшелерге қалған 9 үйді нығайтуды, әлі салынып бітпеген көпқабатты 2 үйдің құрылысын аяқтауды, сондай-ақ аулаларды абаттандыруды және жасыл желектер отырғызуды ұлғайтуды тапсырды. Сондай-ақ, шағын ауданды аралау барысында қала басшысы тәулігіне 700 келушіге арналған салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Нысанды осы жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Қала басшысының назарынан Алматы қаласының Индустриалды аймағы да тыс қалмады, бүгінде мұнда құрылыс, фармацевтика, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында жалпы инвестиция сомасы 113,7 млрд теңгеге 19 ірі отандық және шетелдік жоба іске асырылды.

Жұмыс сапары барысында әкім «Ala Estate» ЖШС өнеркәсіптік паркінің жұмысымен танысты, мұнда тамақ және жиһаз өнеркәсібінің 3 шағын кәсіпорны орналасқан және 90 жұмыс орны құрылған. Өнеркәсіптік парктің құрылысына 450 млн теңге инвестицияланды, жалпы алаңы 4,3 мың шаршы метрді құрайды (Алматыда барлығы 15 шағын өндірістік парк бар, олардың 8-і жұмыс істейді, қалғандарының құрылысы қарқынды жүруде).

Мұнда қала басшысы «TEPLOSTIL» зауытының құрылыс барысымен танысты. Компания жылытқыштың үш түрі бар термопанельдердің сериялық және сертификатталған өндірісі бойынша Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын болып табылады. Зауыттың қуаттылығы жылына 240 000 шаршы метр өнімді құрайды. Қазіргі кезде екі өндірістік цех салынды, қосалқы нысан салу және қазандықты жайластыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының кешені жүзеге асырылуда. Өндірісті толық көлемде іске қосу 2022 жылдың мамыр айына жоспарланған. Жобаға 500 млн теңге инвестицияланды, 30 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Ауданды аралап шыққан қала әкімі Алатау ауданының әкімшілік орталығын дамыту жобасымен танысты. Бас жоспарға сәйкес ауданның әкімшілік орталығын дамыту және Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі бос жер учаскелерін тиімді пайдалану мақсатында 10-нан астам жобаны іске асыру жоспарлануда (оның ішінде желілік парк, 6 мектеп, 6 саябақ аймағы, көпбейінді 2 аурухана кешені, жеңіл атлетика манежі, сауда-ойын-сауық орталығы). Бұдан басқа, батыс бөлігінде мектепке дейінгі білім беру және демалыс орталықтары қоса салынатын 3 тұрғын үй кешенінің құрылысы жоспарлануда.

Мегаполис басшысы Алатау ауданының әкімі А. Қалдыбековтың жұмысын жалпы мақұлдап, «Шетсіз қала» бағдарламасы аясында ауданды одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Өзгелердің жаңалығы