Донор деген кім немесе кім қан тапсыра алады?

10 Шілде 2023, 11:29
4741
Бөлісу:
Донор деген кім немесе кім қан тапсыра алады?
Фото: BAQ.KZ

Донор болу – ол өзгенің өмірін сақтау. Яғни, қан тапсырып, сіз бір немесе одан да көп адамды өлімнен құтқарып қаласыз. Жалпы кім қан тапсыра алады? Қан тапсыру үшін нені есте сақтаған дұрыс? BAQ.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі осы және өзге де сұрақтардың жауабын іздеп көрді.

ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК донор кадрларын жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Әйгерім Сағамбаева қалай донор болуға болатыны жайлы айтып берді.

Қан - адамның басқа адамға бере алатын ең құнды заты. Донор латын тілінен аударғанда «беру» дегенді білдіреді. Яғни сіз біреуге донор ретінде өмір сыйласаңыз, бір ғана емес, бірнеше адамның өмірін сақтап қаласыз. Өйткені қан әртүрлі бөлікке бөлінеді. Олар – эритроциттер, тромбоциттер және плазмалар. Бұл бөліктер белгілі бір ауруларға қолданылады, - деп түсіндірді дәрігер.

Оның айтуынша, қан – ол дәрілік зат сияқты, сол себепті оны ештеңемен алмастыруға келмейді.

Қан кімге қажет?

Жүктілігі асқынған әйелдерге, ауыр анемиямен ауыратын балаларға, операция және трансплантация кезінде, онкогематологиялық, онкологиялық науқастарға қан қажет.

Қан кез келген уақытта әрқайсысымызға қажет болуы мүмкін. Сондықтан үнемі қанмен қамтамасыз ету қажеттілігі бар. Өйткені қанның құрамдас бөліктерінің жарамдылық мерзімдері болады. Мысалы, эритроциттер 42 күн сақталса, тромбоциттер 5-6 күн, ал плазмалар 3 жыл сақталады. Сол себепті қан ыдыстар күнделікті толтырып отыру маңызды, - дейді Әйгерім Сағамбаева.

Дәрігердің берген мәліметінше, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы күн сайын 23 клиникадан түсетін өтінімдердің барлығын 100 пайыз толық орындайды. Бізге Қан орталығына күніне 100-150 адам келіп, қан тапсырғаны маңызды. Елімізде жыл сайын 380 мың қан құю жүзеге асырыласа, күніне шамамен 1 000 рет қан құйылады. Ал жылына республика бойынша шамамен 250 мың адам қан доноры болса, Астанада жылына 40 мың адам қан тапсырады.

Мемлекеттік деңгейде қан донорлығын дамыту толығымен қан қызметінің құзырында. Егер өтеусіз, әсіресе тұрақты донорлық жүйесі болмаса, ешбір ел өзінің барлық пациентін жеткілікті түрде қанмен қамтамасыз ете алмайды.

Сонымен қатар қауіпсіз донор қанының және трансфузияға арналған қан компоненттерінің барабар қорын құру донорды таңдаудан, қан жинаудан, алынған қанды өңдеуден және сынаудан бастап бірқатар процесті қамтиды. Барлық қан қызметінде екі сатылы скринингтік диагностика бар.

Донор міндетті түрде донорлыққа дайындалуы керек, өйткені донорлық алдында бір күн бұрын майлы, қуырылған, ащы, ысталған, тұзды, сүт өнімдерін жеуге болмайды. Өйткені соның салдарынан қандағы май мөлшері көбейіп кетуі мүмкін. Сондай-ақ донорлық алдында ішімдік ішпеу керек, кешке демалуы қажет және өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болғаны жөн.

Қан орталығына келгеннен кейін донор сауалнама толтырады, онда ол белгілі бір сұрақтарға жауап береді және тіркеуден өтеді. Бізде ауруханалардан, наркологиялық диспансерден, психиатриялық диспансерден, психикалық диспансерден келетін электронды база бар. Егер донордың электронды деректер базасында донорлыққа қарсы дәлелі болмаса, онда ол зертханаларға барып, қан тобы, Rh факторлары, гемоглобин және т.б. талдаудан өтеді. Егер азамат қан клеткасына барса, онда ол тромбоциттер мен басқаларды қосымша тапсырады. Зертханалардан кейін ол дәрігерге барады, онда донор тексеріледі. Тексеру кезінде қауіпті мінез-құлық факторлары бойынша қосымша сұрақтар қойылып, лимфа түйіндерін, бойын, салмағын, қан қысымын, температурасын тексеру жүргізіледі. Содан кейін дәрігер бұл донордың донорлыққа бара алатынын шешеді. Өйткені, ең бастысы - науқасқа барынша пайда тигізіп, донорға зиян келтірмеу. Себебі донордың денсаулығы да біз үшін өте маңызды, - деп толықтырды Әйгерім Сағамбаева сөзін.

Донор болуға қалай дайындалу керек?

- Қан тапсыратын күннің алдында және тапсыратын күні майлы, қуырылған, ащы және ысталған тағамдарды, шұжықтарды, сондай-ақ ет, балық және сүт өнімдерін, жұмыртқа мен сары майды (көкөністерді қоса алғанда), шоколадты, авокадо, қызылша, банан, жаңғақтар мен құрмаларды жеуге тыйым салынады. Аш қарынға қан тапсырмау керек.

- Шайды тәтті тосаппен, шырындар, жеміс сусындары, компот, минералды су ішіп, авокадо, қызылша, бананнан басқа нан, крекер, қайнатылған жарма, майсыз суға пікірілген макарон, көкөністер мен жемістерді жеген дұрыс.

- Қан орталығына барардан 48 сағат бұрын алкоголь ішуге, ал 72 сағат бұрын құрамында аспирин мен анальгетиктер бар дәрілерді қабылдауға болмайды.

- Донациялық процедурадан бір сағат бұрын темекі шегуден бас тарту керек.

- Дәрігерлер дененің таңертең қан жоғалтуға жақсы жауап беретінін анықтады. Ал донорлық неғұрлым ертерек болса, бұл процедура оңайырақ болады. Сағат 12:00-ден кейін қанды тек тұрақты донорларға берген жөн.

- Түнгі ауысымнан кейін немесе ұйқысыз түннен кейін қан тапсыруды жоспарламау керек.

- Емтихандардың, конкурстардың, жобаларды ұсынудың алдында және жұмыс көп кезде қан тапсыруды жоспарламаңыз.

- Өзіңізбен бірге төлқұжатыңыздың түпнұсқасы болуы керек.

Қан тапсырғаннан кейін нені есте сақтау керек?

- Қан тапсырғаннан кейін 10-15 минут демалып отыра тұрыңыз.

- Егер басыңыз айналса немесе әлсіздікті сезінсеңіз, дәрігерге жүгініңіз. Өзіңізді әлсіз сезінсеңіз, арқамен жатып, аяғыңызды жоғары көтеріңіз және тізеңіздің арасына басыңызды түсіріңіз.

- Қан тапсырғаннан кейін бір сағат бойы темекі шекпеңіз.

- Таңғышты 3-4 сағат бойы шешпей, оны ылғалдандырмауға тырысыңыз.

- Қан тапсырғаннан кейін ауыр физикалық және спорттық жаттығулардан, соның ішінде гір көтеруден аулақ болыңыз.

- Қан тапсырғаннан кейін екі күн ішінде толық және жүйелі түрде тамақтаныңыз және күніне кемінде екі литр сұйықтық ішіңіз. Мысалы, шырындар, су, шай. Алкоголь ішуге кеңес бермейміз.

- Қан тапсырған күні көлік жүргізуге шектеу жоқ.

Қандай жағдайда донор болуға болмайды?

Біз қарсы көрсетілімдер де бар. Олар - уақытша уақытша және тұрақты қарсы көрсетілімдер.

Тұрақты қарсы көрсетілімдерге не жатады:

- Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ), В және С гепатиті вирустарынан туындаған ауру.

- Туа біткен немесе жүре пайда болған мерез.

- Туберкулез (барлық түрлері), бруцеллез, сүзек, Туляремия, Алапес (Гансен ауруы), Африкалық трипаносомоз, Чагас ауруы, Лейшманиоз, Токсоплазмоз, Бабезиоз, созылмалы Ку безгегі, Эхинококкоз, Филариаз, Дракункулоз.

- Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясынан туындаған ауру маркерлеріне қайталанған оң сынақ нәтижесі.

- В және С вирустық гепатитінің маркерлеріне қайталанған оң сынақ нәтижесі.

- Мерез қоздырғышының маркерлеріне қайталанған оң сынақ нәтижесі.

- Қатерлі ісіктер.

- Қанның, қан түзетін мүшелердің аурулары және иммундық механизмге әсер ететін жеке бұзылулар.

- Орталық жүйке жүйесінің аурулары (органикалық бұзылулар).

-. Есту және сөйлеу және көрудің толық болмауы.

- Науқасқа және басқаларға қауіп төндіретін және өршу жағдайындағы психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылыстары.

- Заттарды қолданудан болатын психикалық және мінез-құлық бұзылыстары.

- Қан айналым жүйесінің аурулары.

- Тыныс алу жолдарының аурулары: бронх демікпесі, бронхоэктаз, өкпе эмфиземасы.

- Тері және тері астындағы тіндердің аурулары: асориаз, эритема, экзема, пиодермия, сикоз, пемфигус (пемфигус), дерматофитоз, фурункулоз.

Уақытша қарсы көрсетілімдерге не жатады:

- Дене салмағы 50 келіден аз болса.

- 20 жасқа дейінгі жас (2 эритроцит доноры немесе аферез суспензиясы үшін).

- Дене салмағы 70 келіден аз болса (2 эритроцит немесе аферез суспензиясы үшін).

- Гемоглобин 140 г/л-ден аз (2 эритроциттерді немесе аферез суспензиясын беру үшін).

- Дене температурасы 37 °С жоғары. Дене температурасы қалыпқа келгенге дейін (37 ° C және одан төмен).

- Пульс - минутына 55 соққыдан аз және минутына 95 соққыдан жоғары.

- Жүктілік, лактация кезеңі.

- алкоголь ішсеңіз (48 сағатқа дейін).

Қан доноры болу қаншалықты қауіпсіз?

Донор қанына тапшылық жоқ екенін айтқым келеді. Бірақ жоғарыда атап өткенімдей, Қан орталығына күніне 100-150 адам келгені маңызды. Өйткені қан банкілер толып, олардың кез келген уақытта қолжетімді болғаны өзекті, - деп айтты Әйгерім Сағамбаева.

Дәрігер атап өткендей, қан доноры болу – қауіпсіз. Өйткені бізде барлығы донордың көзінше ашылады. Сондай-ақ қан донорлығына өтуге дейін бірнеше процестен, яғни лабораториядан, терапевтің тексерісінен өткеннен кейін ғана донацияға баруға болатыны немесе болмайтыны туралы шешімді дәрігер қабылдайды. Өйткені егер сізде қарама-қайшылықтар болса, онда олар донациядан кейін зиян болуы мүмкін.

Қанды жиі тапсыруға бола ма?

Қанды әр екі ай сайын, тромбоциттер мен плазмаларды 1-2 апта сайын тапсыруға болады.

Донорға қандай жеңілдік беріледі?

Донациядан кейін донор демалыс күні және тағы қосымша бір демалыс күні туралы анықтама алады. Сондай-ақ азамат қан тапсырмас бұрын медициналық тексерістен тегін өтеді. Онымен қоса донор ағзадағы энергия қорын толтыру үшін 0,25 АЕК көлемінде ақша алады. Ол шамамен 863 теңге.

Донор болған адамға берілетін жеңілдіктер мынадай:

- демалыс күндері;

- тегін тамақ немесе 0,25 АЕК (863 теңге) беріледі;

- студент донор болса, оқудан босатылады;

- әскери қызметкер донор болса, қан тапсырған күні қызмет атқарудан босатылады.

Қан тапсыру туралы не білеміз?

1. Ересек адам ағзасында шамамен 5,5 литр қан болады.

2. Бір қан тапсыру процедурасы үшін донордан 450 мл-ден көп емес қан алынады. Сондықтан денсаулыққа қауіпті емес және қолайсыздықты тудырмайды.

3. Халықтың 10-15 пайызы донор бола алады, бірақ шын мәнінде қан тапсыратындар он есе аз.

4. Жердің әрбір үшінші тұрғыны өмірінде донор қанын құюды қажет етеді.

5. Орташа алғанда бір реципиентке үш толық қан доноры қажет.

6. Дүниежүзілік қан доноры күні – 14 маусым.

7. Бір донордан толық қан алу 15 минутқа созылады.

8. Қан тапсыру ынталандырушы әсерге ие. Қан жоғалту нәтижесінде ағза тезірек қалпына келеді, сондықтан донорлар көбіне белсенді және көңілді болады.

9. Қан тапсыру кезінде ешқандай инфекция жұқтыру мүмкін емес. Пайдаланылатын барлық шығын материалы мен құрал тек бір рет пайдалануға арналған және донордың қауіпсіздігіне кепілдік беріледі.

10. Қан тапсырғанда ауырмайсыз. Ине салғанда ауырмайтынын білу үшін шынтақ аймағының ішкі бетіндегі теріні шымшу жеткілікті.

Өзгелердің жаңалығы