20 қаңтарда Дональд Трамп АҚШ-тың 47-ші президенті болып қызметін бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Вице-президент лауазымына Джеймс Дэвид Вэнс тағайындалды.
Трамп дәстүр бойынша президент міндетін адал орындауға және АҚШ Конституциясын қорғауға ант берді. Сондай-ақ ол өзінің алғашқы сөзінде Американың "алтын ғасыры" дәл қазір басталып жатқанын және Американы "бәрінен бұрын" бірінші орынға қоятынын мәлімдеді.
Ұлықтау рәсімі Капитолийде өтті. Шараға қатысушылардың қатарында Джо Байден, бұрынғы вице-президент Камала Харрис, сондай-ақ бұрынғы президенттер Барак Обама (2009-2017), Билл Клинтон (1993-2001), кіші Джордж Буш (2001-2009) және бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон да болды.
Байден бүгін Трампты Ақ үйде: "Үйге қош келдіңіз" деп қарсы алды.
Оқи отырыңыз: