Домбыраны "ібілістің мүшесіне" теңеген ақтөбелік сотталды

Домбыраға қатысты даулы мәлімдеме жасаған тұрғынның ісі сотқа жетті. Оған қатаң жаза кесілген.

Бүгiн 2026, 19:52
АВТОР
 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 19:52
Бүгiн 2026, 19:52
154
Фото: видеодан алынған кадр

Ақтөбе қаласының тұрғыны Азат Қонысқа қатысты сот үкімі шығарылған.

Таратылған мәліметтерге сәйкес, Ақтөбе қаласының №2 соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру») бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған.

Сотталушы соңғы сөзінде өз кінәсін толық мойындап, қазақ халқынан кешірім сұраған. Сондай-ақ оған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды өтінген.

Айта кетейік, іс әлеуметтік желідегі тікелей эфирден кейін қозғалған. Онда ер адам домбыраға қатысты қорлайтын пікір айтып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері туралы да даулы мәлімдемелер жасаған.

Сот оған жазаны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді белгілеген. Үкім әзірге заңды күшіне енбеген.

Еске салсақ, бұған дейін домбыраны "харам" деген ер адам қамауға алынғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Наверх