Домбыра күнінде Қарағанды облысында 325 мәдени-бұқаралық шара өтеді

1 Шілде 2024, 20:33
430
Бөлісу:
Домбыра күнінде Қарағанды облысында 325 мәдени-бұқаралық шара өтеді

Домбыра күні Қарағанды облысында кең ауқымда атап өтілмек. Осы күні 30 мың адамды қамтитын 325 іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

2018 жылдан бастап шілденің алғашқы жексенбісінде елімізде қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыра күні атап өтіледі. Осы мерекеге орай Қарағандыда 7 шілдеде «Домбыра үні» флешмобы ұйымдастырылмақ. Шарада үш буынның домбырашылары ұлттық аспаптың құлағында ойнап, көрермендердің құлақ құрышын қандырмақ.

-7 шілдеде Орталық саябақта және Майқұдық паркінде домбырашылардың, Қ.Байжанов атындағы концерерттік бірлестіктің әртістерінің өнерін тамашалауға болады. Сонымен қатар 5 шілдеде қаламызда «Ортеке» республикалық этнофестивалі өтеді. С.Сейфуллин драма театрында өтетін шараға Қытай мен Моңғолиядан және еліміздің басқа қалаларынан қатысушылар келеді деп күтілуде, - деп мәлімдеді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жүмекенов.

Домбыра күнінде облыстың мұражайлары мен кітапханаларында тақырыптық шаралар, көрмелер өткізіліп, жалпы 300-ден астам шара ұйымдастырылады деп күтілуде. Сондай-ақ, аймақта Астана күнін мерекелеуге байланысты шараларға да дайындық басталып кеткен.

-Астана күнінде аймағымызда жүздеген шара жоспарлануда. Бұл мерекелік концерттер, спорттық шаралар,тақырыптық көрмелер, челлендждер мен фестивалдер. Сондай-ақ, қайырымдылық акциялары да өткізіледі. Әлеуметтік осал топтарға бір реттік материалды көмек пен азық-түлік себеттері таратылса, әлеуметтік санаттағы отбасылардың балаларына Астанаға экскурсия жасау қарастырылған, - дейді Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нүркен Бикенов.

Өзгелердің жаңалығы