Қазақстанның үш ірі қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубль қандай бағамен сатылып, сатып алынатыны белгілі болды. 15 қарашадағы валюта бағамын ұсынамыз.
Астанадағы валюта бағамы
Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 442 теңгеден сатып алып, 449 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағамы – 490 теңге, сату бағамы – 500 теңге. Ресей рублін 5,15 теңгеден сатып алып, 5,35 теңгеден сатуда.
Алматыдағы валюта бағамы
Алматыда долларды 445,39 теңгеден сатып алып, 447,35 теңгеден сатуға болады. Еуроның сатып алу бағамы – 492,82 теңге, сату бағамы – 497,56 теңге. Рубль 5,18 теңгеден сатып алынып, 5,28 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкенттегі валюта бағамы
Шымкентте доллардың сатып алу бағамы – 445,24 теңге, сату бағамы – 424,21 теңге. Еуроны 492 теңгеден сатып алып, 496,53 теңгеден сатуда. Ресей рублінің сатып алу бағамы – 5,19 теңге, сату бағамы – 5,25 теңге.
Қазақстан Ұлттық банкінің 15 қарашаға белгілеген ресми бағамы:
- 1 АҚШ доллары – 444,3 теңге;
- 1 еуро – 490,91 теңге;
- 1 рубль – 5,41 теңге.
Еске салайық, 9–13 қараша аралығындағы сауда аптасында теңге доллар мен еуроға қатысты нығайған. Доллар бірнеше күн қатарынан арзандап, жұма күні бағамын аздап қалпына келтірген. Еуро айтарлықтай төмендеген, ал рубль тұрақтылығын сақтаған.