Белгілі әнші Бейбіт Қорған бірнеше ай бұрын шыққан қауесеттің нүктесін қойды. Ол өзінің некесіз баласының жоқ екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы танымал әнші "Әйгерім Сейфолламен сырласу" бағдарламасында баяндады.
Оқиғаны біліп алмай, көпіріп сөйлей беретіндерге таңғаламын. Бұл оқиғадан соң қызым мен ұлымның мектебінде саусағын шошайтып, соққы көрсеткендер болды. Қазір халыққа айтарым, әр нәрсеге сене бермеңіздер. Қасымда жүрген бауырларымның арасында "Бейбіт, шынымен сен осындайсың ба?" деп көңілі қалғандар болды. Ал мен ДНҚ сынамасын тапсырдым, нәтижесін көрдім, түбінде оған мен емес, басқа әншінің қатысы бар болып шықты, - дейді Бейбіт Қорған.
Ол ДНҚ нәтижесі өзін көрсеткен болса, сол баланы халыққа өзі-ақ таныстыратынын айтты.
Егер ол бала менің балам болса, халықтың алдына шығып, мойындап, менің балам екенін айтар едім. Көмектесер едім, - деді өнер иесі.