Дмитрий Попко Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

26 Желтоқсан 2023, 17:28
436
Бөлісу:
Дмитрий Попко Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші, әлемнің 458-ракеткасы Дмитрий Попко Анталия (Түркия) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 743-сатыда тұрған испаниялық Макс Алкала Гурримен бас жүлде үшін таласты.

Дмитрий Попко бірінші сетте 6:4 есебімен басым түсті. Екінші партияда да сол қарқынын жоғалтқан жоқ – 7:5. Осылайша, ол Анталия додасында үздік шықты.

Өзгелердің жаңалығы