Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан халықаралық додаға әлемнің 21 елінен 75 мерген келген болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еліміздің спортшылары арасында жамбы атудан үш стиль бойынша өткен жарыста Әлем чемпионы Ералхан Айкөз үздіктер қатарынан көрінді. Ол "қабақ" атудан (түрік стилі) күміс жүлде иеленсе, "табла" атудан (түрік стилі) қола жүлдені қанағат тұтты. Ал венгр стилінде нысанадан мүлт кеткен Ералхан мерген жалпы есепте (үш стилді қосқанда) бесінші орынға тұрақтады – дейді бізге ақпарат берген Жадыра Жүсіп.
IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат үстінде садақ атудан (жамбы ату) еліміздің намысын Ералхан Айкөз, Абзал Тұлыбеков, Бақдәулет Бабажан қорғаған болатын. Абзал Тулыбеков пен Бақдәулет Бабажан да өз дәрежесінде мықты өнер көрсете білген мергендер.
Естеріңізде болса, бұған дейін Изник қаласында өтіп жатқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Дәстүрлі садақ атудан Қасымхан Қанат күміс медаль алғанын хабарлаған болатынбыз.
Ұлттық құрама мүшелерін жамбы атудағы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін ДКО-да Моңғолия құрамасымен кездескен көкпаршыларымыз 12:2 есебімен басым түсті.