29 қыркүйек пен 4 қазан аралғында Түркияның Изник қаласында өтетін IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпар, қазақ күресі, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату спорт түрлері бойынша қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
IV ДКО-ға еліміз көкпаршыларынан көкпардан (шеңбер) және көкбөріден (қазандық) екі құрама жасақтады.
Көкпардан сынға түсетін шабандоздар:
Ұлан Байтөреев - 28.11.1979. (Атырау облысы)
Абылайхан Нышанбеков - 18.11.1994. (Түркістан облысы)
Құрманбек Тұрғанбек - 18.04.1997. (Жамбыл облысы)
Ынтымақ Әліпбаев - 01.05.1990. (Атырау облысы)
Құлажан Тоғайбаев - 14.04.1987. (Жамбыл облысы)
Бақытжан Әзімбай - 19.06.1993. (Атырау облысы)
Дәулет Айтан - 31.08.1995. (Түркістан облысы)
Арман Жамалбеков - 20.08.1992. (Түркістан облысы)
Есжан Құрманбай - 02.07.1993. (Жамбыл облысы)
Ислам Рәт - 15.12.1993. (Жамбыл облысы)
Айнабек Бердіқұл - 20.11.1997. (Жамбыл облысы)
Әділет Мамыт - 09.09.1997. (Түркістан облысы)
Бұған дейін халықралық және әлемдік турнирлерде көрсетілім ретінде ғана ойналатын қырғыздың ұлттық ойыны Көкбөрі биыл ДКО-ға ресми тіркелген болатын. Осыған байланысты біздің ел де өз құрамасын дайындады.
Ендеше таныс болыңыздар, халықаралық дәрежеде қауіпті ойын саналған көкбөріден ел намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелері:
Манарбек Дүйсенбиев - 09.01.1976. (Жамбыл облысы)
Абылай Қарқабат - 21.08.1994. (Түркістан облысы)
Ернат Мәлімбай - 08.01.2000. (Жамбыл облысы)
Мәді Сейділлә - 19.05.2002. (Алматы облысы)
Бақытжан Сайдолданов - 30.03.1995. (Алматы облысы)
Тахир Жұмашев - 17.01.2000. (Атырау облысы)
Алмат Жүнісов - 18.01.1995. (Қызылорда облысы)
Ерғалым Жақсылық - 19.05.2002. (Жамбыл облысы)
Елдос Асыл - 14.11.1993. (Жамбыл облысы)
Темірлан Сейітбеков - 07.09.1992. (Алматы облысы)
Қайыржан Сүлейменов - 13.02.1988. (Алматы облысы)
Ернар Жарылқасын - 11.03.1998. (Жамбыл облысы)
Алдағы жарыста ел намысын қорғауға құрама толық дайын. Биыл еліміз қырыздың ұлттық ойыны көкбөрі бар. Біз оған да дайынбыз. Жеңіс тұғырынан көрінуге дайынбыз - дейді «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры Бақдәулет Сәбитов.