Дизель отыны шетелдіктерге екі есе қымбат бағамен сатылады

Елімізде 22 тамыздан бастап дизельге енгізілген сараланған тариф күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ Atameken Business-тің ақпаратына сүйеніп.

 23 Тамыз 2022, 08:36
23 Тамыз 2022, 08:36
1944

Елімізде 22 тамыздан бастап дизельге енгізілген сараланған тариф күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ Atameken Business-тің ақпаратына сүйеніп. 

Энергетика министрлігі мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы бұйрыққа осыдан екі апта бұрын қол қойған. Себебі арзан жағармайды сыртқа тасымалдайтындар көбейіп, ішкі тапшылық туындай бастаған еді. Енді бүгіннен бастап шетелдіктерге дизель тек 450 теңгеге саудаланады. Ал қазақстандықтар үшін 230-260 теңге сақталады.

Дегенмен шектеу бар. Бір күнде 100 литрден көп жағармай алғыңыз келсе, қалғанын 450 теңгеге төлейтін боласыз. Сондықтан министрлік автожанармай құю станциясында сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін қадағалайды.

Наверх