Тараздағы оқиға: директор және орынбасары, мұғалім, вахтер жұмыстан босатылды

19 Қараша 2019, 15:16
4714
Бөлісу:
Тараздағы оқиға: директор және орынбасары, мұғалім, вахтер жұмыстан босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған факт бойынша құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету білім беру ұйымының тікелей міндеті болып табылады.

Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәні мұғалімі және вахтер білім беру саласындағы жергілікті уәкілетті органның шешімі бойынша қызметтерінен босатылды. Жамбыл облысының білім басқармасы зардап шеккен оқушыға психологиялық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қабылдап, үйде жеке оқытуын ұйымдастырды, - деп жазды министрдің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау шеңберінде Бас прокуратура мемлекеттік органдармен бірлесіп қолданыстағы заңнамаға әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде өзгерістер әзірлеп, енгізген.

Еске сала кетейік, Таразда 7-сынып оқушысын 38 жастағы ер адам зорлаған болатын. Бұл жағдай әжетханада болған.

Өзгелердің жаңалығы