Дипломатияда барлығы бар – Ақбота Қайркен

7 Шілде 2022, 20:15
1359
Бөлісу:
Дипломатияда барлығы бар – Ақбота Қайркен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің Facebook парақшасында жарияланған сұхбатта Халықаралық ақпарат комитетінің үшінші хатшысы Ақбота Қайркен айтты. 

Біріншіден, Сыртқы істер министрлігі ол – біздің адамдар. Әріптестерімнің жүктелген міндеттерді орындаудағы ынта-жігері мен адалдығына дән ризамын. Сыртқы істер министрлігінің толықтығы осындай ынталы, шабытты, жұмыс кестесіне қарамастан білім мен ғылымға ұмтылатын кемел адамдардан құралады. Менің ойымша, тынымсыз еңбек ету, даму және үздік болуға ұмтылу – 21 ғасырдағы табысты тұлғаны шабыттандыратын бейне, - деді ол. 

Ақботаның айтуынша, СІМ-де жұмыс істеу оның тұлғалық өсуін қамтамасыз етіп, мінезі мен ұмтылыстарының бейнесін айқындаған көрінеді. 

Халықаралық ақпарат комитетінің қызметкері ретіндегі тәжірибеме сүйене отырып, дипломатияда барлығы бар деп айта аламын: медиация болсын, жан-жақты білім және қарым-қатынас жасау қабілеті болсын. Дипломатия менің көз алдымда лакмус қағазы сияқты - мінезіңіз бен қабілеттеріңіздің барлық қырларын көрсетеді. Бұл адам жанымен жұмыс істейтін отандық дипломатияның шынайы бейнесі деп ойлаймын, - деді ол.

Сұхбат соңында Ақбота «Жаңа Қазақстанды» «ата-бабамыз мақтан тұтатын, біз сүйетін, болашақ ұрпақтар бізге алғыс білдіретін ел» ретінде елестетінін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы