Dior маталарына принт қылып біздің оюды салып жатыр – дизайнер

20 Наурыз 2024, 13:38
646
Бөлісу:
Dior маталарына принт қылып біздің оюды салып жатыр – дизайнер
Фото: автордан

“Қазақстан” телекорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Наурыз-марафонына Атырау қаласынан Ұлттық киім дизайнері Эльза Қалиева келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол марафон көрерменіне “Шабыт” деп аталатын жаңа сән топтамасын көрсетті.

Dior маталарына принт қылып біздің оюды салып жатыр – дизайнер

Біз қазақтың ұлттық киімдерін тігеміз. Топтама жасап, шетелдерге шығамыз. Бүгінгі таңда күнделікті киюге арналған ұлттық киім сұранысқа ие. Қазір ұлттық киімді тек наурыз алдында кимей, күнделікті образға енгізуіміз керек. Сол менің мақсатым, – деді дизайнер.

Dior маталарына принт қылып біздің оюды салып жатыр – дизайнер

Эльза Қалиева шетелдегі сән көрсетілімдеріне барғанда ұлттық киімімізге шетелдіктердің қызығушылық білдіретінін де жеткізді.

Dior маталарына принт қылып біздің оюды салып жатыр – дизайнер

Францияның Париж қаласына “Қазақстандық күз” деген топтама апарғанбыз. Сол кезде көрсетілімнен кейін Диор, Прада сән үйлерінен кісілер біздің киімдерді ұстап көруге бола ма деп сұрап, матасы, оюына қызығушылық білдірді. Ол кезде 2019 жыл ғой. Ал қазір қарасақ, сол Диорлар өздерінің маталарына принт қып біздің оюларды салып жатыр, – деді ол.

Dior маталарына принт қылып біздің оюды салып жатыр – дизайнер
Өзгелердің жаңалығы