Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен, ҚМДБ жанындағы Республикалық ақпараттық - ағарту тобының мүшелерімен кездесті.
Кездесуде «онлайн» форматта қазіргі заманауи технологияларды пайдалану арқылы РАНТ ақпараттық-ағарту жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында еліміздегі дінге сенушілер арасында діни экстремизм мен терроризм идеологияларының алдын алу мақсатында ақпараттық-ағарту жұмыстарының бірқатар өзекті бағыттары туралы ортақ пікір алмасу жүрді.