Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы талқыланды

14 Қазан 2020, 11:07
1715
Бөлісу:
Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын талқылау бойынша кеңес өтті.

Кеңеске облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Антитеррорлық орталығы Штабының өкілдері, сондай-ақ облыстық дін саласына уәкілетті басқармалардың басшылары қатысты. 

Кеңес қорытындысы бойынша, Ақпарат және қоғамдық даму министрі дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері - мемлекеттің зайырлы қағидаттарын нығайту, діни бірлестіктермен тығыз ынтымақтастық, сондай-ақ радикалды идеологияның қоғамда таралуына жол бермеу екенін атап өтті. 

Кездесу барысында жергілікті атқарушы органдарға олардың дін саласындағы қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Өзгелердің жаңалығы