Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов "Kazislam" ақпараттық-танымдық интернет-порталының басшылығымен кездесті, деп хабарлады ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесуде интернет-порталдың жұмысын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды. Портал басшылығы оның интерактивтілігін арттыруға, сондай-ақ халықпен кері байланыс орнатуға бағытталған жұмыстарды жандандыру жөніндегі жоспарлары туралы баяндады.Өз кезегінде вице-министр халықтың арасында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын түсіндіру, ұлттық құндылықтар мен конфессияаралық диалогты ілгерілету үшін порталдың маңыздылығын атап өтті.
Еске салайық, "Kazislam" интернет-порталы 2013 жылы Қазақстанның діни саласының түрлі аспектілері жөніндегі бірегей бірыңғай ақпарат көзі ретінде іске қосылды.