Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Димаш жанкүйерлерін жаңа образымен таңғалдырды

16 Шілде 2025, 20:45
1510
Бөлісу:
 instagram
VIDEO
Фото: instagram

Димаш Құдайберген тағы да жанкүйерлерін таңғалдырды. Бұл жолы ол вокалымен емес, күтпеген жаңа образымен көрінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әнші Instagram парақшасында жаңа түсірілімдерден кадрлар жариялады. Бұл жолы ол әдеттегі романтикалық образында емес, батыр кейпінде көрінді. Үстіне темір сауыт киіп, қолына қылыш алған.

Димаш тек жаңа стилін ғана емес, суық қарумен шебер қимылдай алатынын да көрсетті.

Түсірілім алаңынан сәлем, - деп жазды әнші парақшасында.

Желі қолданушылары да пікірлерін жазып, батыр Димашқа пікірлерін жазуда.

Ант етем, бірден тани алмадым!", "Патшалығыңа қалай жазылсам болады?", "Біздің батырымыз!" - деп жазуда қолданушылар.

Өзгелердің жаңалығы