Димаш Жаңа жылды қалай қарсы алғанын айтты

1 Қаңтар 2022, 14:49
1465
Бөлісу:
Димаш Жаңа жылды қалай қарсы алғанын айтты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемге танымал отандасымыз, әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде өзінің жаңа жылды қарсы алған сәтін жариялады.

Жаңа жылды Бейжіңде достармен бірге қарсы алдық, CCTV арнасының жаңажылдық бағдарламасында шырқаған әнімізді тамашаладық», - деп жазды Димаш өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, CCTV-1 телеарнасының жаңажылдық бағдарламасында Димаш Құдайберген қытайлық тенор, Пласидо Домингоның шәкірті, Метрополитен Опера солисі Инси Чжанмен дуэт орындады. Олар «Thousands of miles, a common dream» әнін шырқаған. 

Жаңа жыл құтты болсын, достар! Барлықтарыңызға сәттілік, ең қымбат тілектеріңіздің орындалуын және әрқашан көңілдеріңіздің көтеріңкі болуын тілеймін! Алдағы 2022 жыл жақсы жаңалықтар жылы болғай! Жақын күндері мен Сіздермен алдағы жеке концертім туралы жаңалықтармен бөлісемін - назар сала жүріңіздер!, - деп құттықтады Д. Құдайберген.

Өзгелердің жаңалығы