Ыстанбұлда Димаш Құдайберген "When I’ve got you" атты жаңа туындысына арналған бейнебаянның тұсауын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әншінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, премьера өнерпаздың Түркияда өтетін жеке концертіне байланысты баспасөз конференциясы аясында өтті.
Бейнебаянның негізгі идеясы Димаш пен бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловқа тиесілі.
Жеке өмір салтын ұстанатын әлемге әйгілі әнші өзінің алғашқы ашық сұхбатын беруге шешім қабылдады. Ол таңдаған жас журналист “Ал, егер…” деп басталатын түрлі уайымға толы сауалдары көбейіп, қатты қобалжып, уайымға салынды.
Димаштың мейірімді және қарапайым адам екенін бәрі біледі. Бірақ Димаш бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көріне бермей, жеке сұхбат бермейтіндіктен оның жеке өмірі туралы аз білеміз. Ал бүгін біз әншіні сәл басқа қырынан, жаңа бейнеде көретін боламыз, – деп бөлісті режиссер.
Ғалым Асылов пен жобаның екінші режиссері әрі желілік продюсер Жәнібек Ғұсманов түсірілім барысы өте қызық болғанын және Алматыда өткенін хабарлады. Бейнебаянға 70-тен астам Қытайдан келген мамандардың тартылып, шығармашылық топ жұмыс жасады. Дәл сол жерде бас кейіпкердің костюмі тігіліп, қазақстандық мамандармен бірге әншінің бүкіл образы жасалды.
Айтуынша, кастинг оңай болмаған. Басты кейіпкердің рөліне көптеген актрисалар мен модельдер өз бақтарын сынады. Ежелгі антикалық мәдениетті іздеу оңай болмады. Сол себепті, бейнежазба үш жер пайдаланылды. Шығармашылық команда интерьердің әрбір элементінде, костюмнің әрбір деталында және әрбір кадрда жұмбаққа толы оқиғалар жасауға тырысты.