Димаш Құдайберген қазақ тіліне қатысты жақсы жаңалық айтты

28 Наурыз 2024, 17:17
18874
Бөлісу:
Димаш Құдайберген қазақ тіліне қатысты жақсы жаңалық айтты
Фото: instagram.com

Танымал әнші Димаш Құдайберген ана тіліміздің жанашыры әрі қазақ азаматы ретінде халыққа тамаша жаңалығын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Димаш Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы тұңғыш рет Oxford Qazaq Dictionary сөздігін шығарғанын атап өтті.

Бұл – 60 мыңнан аса сөз қамтылған, жалпы 1300 беттен тұратын үлкен еңбек. Сөздікті жасауда дүние жүзіне танымал Oxford сөздігін құрастыру әдістемесі мен технологиясы негізге алынған. Әлемдегі аса беделді Oxford University Press баспасының қолдауы және ресми қатысуымен басылған, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Оның сөзінше, сөздік 4 жыл бойы құрастырылып, оған Қазақстандағы кәсіби лингвистер мен ғалымдар, білікті аудармашылар мен редакторлар, жалпы 50-ден аса маман қатысты.

Ағылшын тілінің белсенді қолданушысы ретінде сөздікпен танысуға, оны күнделікті пайдалануға шақырамын! Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының бастамасына сәттілік тілеймін! Тіліміздің мәртебесі мен қолдану аясын кеңейтетін осындай аса маңызды, нақты жобаларға қолдау білдірейік! – деді әнші.

Өзгелердің жаңалығы