Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

16 Желтоқсан 2023, 15:20
3686
Бөлісу:
Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады
Фото: видеодан кадр

Димаш Құдайберген өз құттықтауында Халық әртісін бүкіл қазақ даласын әлі күнге дейін тербеп келе жатқан әуезді әндері үшін рақмет айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін - қазақ вокал өнерінің негізін қалаушылардың бірі, опера жанрынан бастап халық ән-күйіне дейінгі аралықтағы жанрдың бәрін жетік меңгерген ұлы әнші, Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың туған күні! Құрметті Бибігүл апа! Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мәнді де мағыналы өміріңіз, пайым-парасатыңыз бізге өнеге. Құдай берген дарынды еңбекпен ұштастыра білген, ұлтқа деген мейір-махаббатыңыз бізге үлгі. Бүкіл қазақ даласын әлі күнге дейін тербеп келе жатқан әуезді әндеріңіз үшін рақмет! Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын! Деніңізге саулық тілеймін! Тағы да туған күніңізбен, Апа!, - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы