Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайға оралу туралы шешімін Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.
Достар, әлемдік шоу-бизнестегі жұмысымды жалғастыру үшін 2 жылдан кейін Қытайға оралғанымды хабарлаймын. Бұл кездесуді дүниежүзілік карантинге байланысты 2 жыл күтуге тура келді, - деді Димаш Құдайберген.Сонымен қатар ол Қытайға келгендегі басты мақсатын айтты.
Бір айға жуық уақытты оқшаулануда өткіздім, осы мерзім ішінде Қытайдағы командаммен іске асыратын көптеген жоспар құрып қойдым, - деп жазды әнші.