Димаш Құдайберген ханзада рөлін сомдады

1 Қаңтар 2020, 12:22
3931
Бөлісу:
Димаш Құдайберген ханзада рөлін сомдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген "НТВ" телеарнасындағы жаңажылдық бағдарламада ханзада рөлін сомдады. Қазақстандық танымал әнші композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен "Не могут жить в разлуке лебеди" әнін шырқады

Димаш басқа белгілі әртістермен және әншілермен бірге "1001 түн немесе махаббат алаңы" спектакль-концертінің кейіпкері болды. Ол ханзаданың рөлін сомдады.

Сондай-ақ, музыкалық шоуға Ресей жұлдыздары Филипп Киркоров, Игорь Крутой, Николай Басков, Валерия, Кристина Орбакайте, Лолита, Дима Билан, Тамара Гвердцители, "Фабрика тобы", "Иванушки International" тобы, Жасмин, Аврам Руссо және тағы басқа өнер жұлдыздары қатысты.

Өзгелердің жаңалығы