Адам сенетін және сенбейтін идеялар, тұжырымдар, сенім-нанымдар мен ырымдар өте көп. Олардың кейбіреулері біздің ғұмырымызда бірнеше рет расталып, бірнеше рет терістеліп үлгереді. Қазір бүкіл адамзаттың бар білімі бір жерге шоғырланып жатқан шақта, бір ғана ойды дәлелдейтін де, жоққа шығаратын да дәлел-дәйектердің саны қарапайым адам қорытып үлгере алатынынан асып кетті.
BAQ.KZ редакциясы, адам үшін біресе расталып, біресе терістеліп, үнемі итжығыс болып жататын идеяларды жиып, оқырман назарына ұсынып отыр. Бұл жерде тақырыбымызды жақтайтын да, даттайтын да, жайбарақат қалатын адам үшін де тұғыр беріледі.
Зор құрметпен: Ерлан Оспан, редактор.
НУМЕРОЛОГИЯ. ЖАҚТАУШЫЛАР БӨЛІМІ
Жыл басында нумеролог Құралай Бақытқызымен сұхбаттасқанда «билік ауысады» деген болатын. Себебі нумерологиядағы сандар соны меңзеген. Оқырмандарымыздың қызығушылығы көп екенін ескере отырып, нумерологпен тағы бір кездесуді жөн санадық. Құралай Бақытқызынан нумерологияның - балгерліктен айырмашылығын және 19.03.2019 санының кодын сұрадық. Сөз арасында ол Мемлекет басшысының кодын да айтып қалды.
Нумеролог Құралай Бақытқызы. ©BAQ.KZ, 2019
- Құралай, көпшіліктің айтуынша, біздің бұған дейінгі сұхбатымызда айтылған пікіріңіз сай келді. Ютубтағы қаралым 121 мыңнан асыпты.
- Иә, көрдім. Астындағы пікірлерге қарап, күліп алдым. Халықтың қызығушылығын түсіндім.
Нумеролог Құралай Бақытқызының былтырғы сұхбаты
- Иә, иә. Сіз нумеролог ретінде басқа әдіспен жасалатын жорамалдарға сенесіз бе?
- Нумерология – жорамал емес, нақты ғылым болғандықтан, астрология дегенді зерттеп көрген жоқпын. Бірақ мен астролог, балгер дегенге бармаймын. Біз заңгер, дәрігердің кодын бірден табамыз.
Мысалы, өткенде бір дәрігер келді. Оны мен кім екенін білместен, сізде дәрігердің коды бар деп бірден айттым. Ол терапевт екен. Нумерологияға толық сенемін. Ал астрологияны жұмысымда қолданбаймын, себебі оны зерттеп көрген жоқпын.
Көбіне қытай-шығыстың Усин нумерологиясын қолданамын. Ведтардан шыққан Александровтың «Классическая нумерология Александрова» деген кітабын қолданамын. Фен-шуй, тибет медицинасы, шығыста көп ілім сол Усиннен бастау алады. Олар туған күн бойынша әр адамның тамақтануын, денсаулығын реттеп береді. Мен көбіне денсаулыққа қатыста талдауда Усинді қолданамын. Өйткені, Қазақстандағы нумерологияда көбіне мінез, мамандық, бизнес туралы айтады. Денсаулық туралы көп біле бермейді.
- Нумерологиядағы сандарды құмалақ ашу, бал ашуда қолдануға бола ма?
Құмалақ ашуда, бал ашуда - шашып қалады да, оның түскеніне қарай болжам айтады. Ол әр лақтырғанда әртүрлі түсуі мүмкін. Нақтылық болмайды. Адам алданып қалуы мүмкін. Өзгеріп отырады. Ал нумерологияда нақты туған күн басшылыққа алынады. Әр адамның туған күні, сағаты – оның штрих-коды. Біз сол штрих кодты ашып береміз. Бұл – ғылым. Ғылыми түрде дәлелденіп, сандырдың кодын ашып кеткен. Соны айтып береміз. Нақтылық бар. Америкаға барсаң да, Жапонияға барсаң да, осы сан – туған күнің, өзгермейді.
- Енді нумерологияға көшейік. Адамның туған күніне қарап, өзінің қабілетті жақтарын анықтай алады деп айтып жүрсіз. Осыны тағы бір рет түсіндіріп, қарапайым тілмен айтып, қалай есептеп беру керегін түсіндіріп беріңізші.
Иә, кез келген адам өзінің туған күніне қарап мәлімет ала алады. Интернетте мұндай нумерологиялық сайттар көп. Сәтті санын, сәтті түсін не болмаса қабілетін айтады. Шыдамдылық жоқ па, денсаулық, ақша тұрмайды, денсаулық, жалқаулық және т.б. туралы айтып бере алады. Бірақ олар қысқаша ғана айтады. "Нумерология онлайн" десең, шыға береді. Толығырақ білу үшін - міндетті түрде нумеролог маманға бару керек.
- Ал, Сіз туған күнді Пифагор матрицасына саласыз. Соны қалай есептеу керек? Соған қалай орналастыру керек екенін айтып берсеңіз. Өз бетінше қалай есептеуге болады? Кез келген датаны алайық. Мысалы, 1 желтоқсан 1988 жыл.
Осы күнді есептейтін болсақ, былай.
-
Бір орынды сан шыққанша, туған күндегі сандарды қосу керек: 01.12.1988=30 (3) Мұндағы 3 – сәтті сан.
-
Екінші кодты табу керек. Оны анықтау үшін сәтті санды 2-ге көбейту керек. Мұнда бірінші 0 тұрғандықтан, екінші тұрған 1-ді 2-ге көбейтеміз. 1х2=2. Енді 30-дан 2-ні аламыз, сонда 30-2=28. Мұны да бір таңбалы сан шыққанша бір-біріне қосамыз. 2+8=10.
-
Сонда барлығын жиынтық қылғанда, былай шығады:
-
01.12.1988=30 (3)/2810
-
Енді, осы сандарды Пифагор матрицасына қоямыз. Онда 9 санға арналған орын бар. Әр санның өзінің жауап беретін мағынасы бар. Мұнда 1 саны 4 рет кездесті. Солайша, 9-ға дейінгі сандарды орналастырамыз:
-
1111
-
-
22
-
888
33
-
9
-
1 саны – күш-жігер мен сенімділікке, мінезге жауап береді. 1 көп болғандықтан, мұнда характер өзіне сенімді, күш-жігері мықты, сөзі біреуге жүретін, карьерист адамның мінезі.
-
2 саны - энергия. Энергиясы жақсы. Донор адам. Жан-жағындағыларға жақсы энергия бөледі. Медицина саласында істесе де, қолы жеңіл адам.
-
3 саны – логика, қабілетке жауап береді. Екі рет 3 бар адам финансист бола алады. Сонымен қатар, 3 сәтті саны болғандықтан, миссиясы – өмірде әдемілік әкелу, позитив беру дегенді білдіреді.
-
4 саны - шыдам мен денсаулыққа жауап береді. Бұл матрицада 4 саны жоқ. Сондықтан мұндай адамдар шыдап отыра бермей, бірден тура айта салады, шыншыл. Бірақ үй тірлігінде асығыстық жасайды.
-
5 саны да жоқ екен. Қияли, арманшыл адамдарда кездеседі. Оның жоқтығы уайымшыл емес, реалист екенді білдіреді.
-
6 саны - тұрақтылыққа жауап береді. Матрицада 6 кездеспейді. Мұндай адамдарға еркін график керек. Таңнан кешке дейін банкте, офисте отыра алмайды. Көбіне бұл саны бар адамдар мемлекеттік қызметте, Үкіметтің жұмысын істей алатындарда кездеседі. Ал екі 6-сы бар адамдар саудагерлер болады. Екі жұмысты қатар алып жүре алады. Баспен және физикалық жұмысты бірден атқара береді.
-
7 саны бар адамдардан актриса, әнші, яғни өнер адамдары шығады. Мейрамбек Бесбаев, Димашта 7 саны кездеседі. Сосын олар адамдарға жоқ дей алмайды. Кейде оның істеген жақсылығын ұмытып кетіп жатады.
-
8 саны жауапкершілікке жауап береді. Үш 8 болғандықтан, жауапкершілігі мол, әлеуметтік салада жұмыс істейтін адамдарда болады. Мысалға, қарттар үйі секілді әлеуметтік тұрғыдағы жұмыстарды жақсы атқара алады. Сосын үш 8-і бар адамдар – жолы болғыштар. Ақша келу, пәтер алу жағынан қиналмайды. Бизнесте де жолы болғыш.
-
9 саны - сараптама мен есте сақтау қабілетке жауап береді. 9 матрицадан аз болып тұрғаны ақпаратты ұзақ есте сақтай алмайтынын білдіреді.
Жалпы алғанда осылай кете береді. Кез-келген адамға жеке матрица құрып айтып бере аламыз. мысалы, 4 саны - спортшыларда көп болады. Олардың денсаулығы, омыртқа-бел, иммунитеті мықты болады. Көбіне баласында 4 саны аз болса,ауыр спортқа беруге болмайды, себебі денсаулығына қауіпті деп айтамыз. Мысалы, 5 саны жоқ адамдар сезімталдыққа жауап береді. Жүрекке жақын алады. Психологтар мен дәрігерлерде 5 көп болады. Олар емделушіге шын жүрегімен жаны ашиды. 6 саны да матрицада жоқ. Бұл адамның жалқау екенін білдіреді. Жыбыр-жыбыр болғанды жақсы көреді.
- Мына шыққан екінші код: 2810 туралы не айтасыз? 3 сәтті сан екенін білдік.
- Иә, бұл – мыңдық код. Яғни, 4 саны бар адамды мыңдық коды бар адам дейміз. Тоқаевта осындай мыңдық код бар. Оның үстіне, бұл код екінші бөлікте тұрғандықтан, адам өмірінің екінші жартысы жақсы, жеңіл өтеді дегенбі білдіреді. Адамдардың көмектесуі, қолдау білдіру, сәтті өмір сүру, карьерасы жақсаруы – өмірінің екінші жартысында. Енді 33 жастан кейін мыңдық код әрекет ете бастайды деп айтуға болады.
- Қазіргі президентіміздің (Қасым-Жомарт Тоқаев) кодын айта кеттіңіз. Сонда ол кісіге жасап көрдіңіз бе?
- Иә, президент болған кезінде көрдім. Өзімше қызығып жасап көрдім. Сосын тәжірибе жүзінде де мұндай адамдардың кодын біліп, қарап көру қызық. Сәйкес келеді. 17+05+1953=31(4). Сосын 2*1=2. 31-2=29(11).
Енді қараңыз, ең бірінші 314 деген сан. Бұл кісінің өмірлік миссиясы – әділет әкелу. Көп нәрсені таразыға салып жүреді. Егер судья болса, өте әділ болар еді. Заңгер де бола алады. Тіл меңгеруге қабілетті. Бұл кісі көбіне шетелдерде дипқызметте жүрді. Міне, өмірінің бірінші жартысында тұр. 1 саны көп – сенімді, кез келген қиындыққа төтеп бере алады. Ерік-жігері өте күшті. Сосын мыңдық коды бар. Яғни, намысшыл, өте мәдениетті, барды қанағат тұтпай, үлкен белеске жеткісі келе береді. Орта жол жоқ, тек алға ұмтылу деп жүреді, тоқтамайды. Айтпақшы, бітімгер адам деуге болады.
Оған солтүстік жағады екен. Жылы жақтан гөрі суық ауа райы қолайлы. Нұр-Сұлтан, Ресейдің қалалары жағады. Мамыр айында туғандықтан кітап оқу, кітап жазуға бейім, мүмкін ақындығы бар шығар. Екі 5-і бар адам - патриот. Мықты сарапшы, тіпті стратег деп айтар едім. Кейде біреулер аяқ астынан шешім қабылдай алады. Ал бұл кісі «бір жерге кеттік» дегенде де ойланып, таразыға салып барып бару не бармауды таңдайды. Яғни, сараптама жасап, «жеті рет өлшеп, бір кесіп» барып, өзіне сенімді болғаннан соң ғана пікірін айтады. Екі 3-і бар. Ақша санағанға, есепке жүйрік. Сонда қорытсақ, заңгер, қаржыгер, сарапшы, стратег, дипломат, мәдениетті, полиглот және өте шыдамды адам. Сосын өмірінде қараша айында өзгеріс болып тұрады. Қызметінде немесе басқа да, грамота алуы мүмкін.
- Сонда 2019 жылдың қараша айында бұл кісінің өмірінде өзгеріс болуы мүмкін бе?
- Иә. Бірақ бұл кезде энергиясы азаяды, денсаулығына мән беру керек.
- Құралай, енді 19.03.2019 туралы не айта аласыз?
- Жалпы осы жылдың соңы 9-бен аяқталады. Сосын осы жылдың саны – 3. Сосын 9 сандардың ең үлкені, қорытынды сан. Сондықтан еліміз үшін жаңа өмір, жаңа кезең басталғаны заңды болды. Бұл дата – осы сандармен сәйкес келіп тұр. Содан кейін Елбасының саны – 9. Сондықтан өзіне сәтті күндер таңдап, жақсы шешім қабылдады деп ойлаймын.
- Ел ішінде не өзгеруі мүмкін?
- 9 саны – прогресс, инновация саны. Халық рухани тұрғыдан байып, экономикалық жағынан жақсы позицияға жете алатын кезең.
- Құралай ханым, сізбен адам «сандарын» қалай есептейміз деп келіп, Мемлекет басшысының туған күніне қарай нумерология сандарының сырын білдік. Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңіз үшін рақмет!
Рахиля Бекназарқызы, BAQ.KZ
НУМЕРОЛОГИЯ. ҚАРСЫЛАР БӨЛІМІ
(Әзірге бос. Өз кезегімізде, нумерологияны терістейтін немесе басқа қырынан айтып бере алатын ғалымдарға, мамандарға мінбер беруге дайын екенімізді хабарлаймыз)
© baq.kz, 2019. Материалды ешқандай формада көшіруге болмайды. Автор және меншік иесі тарапынан болатын претензияларда - көшірме зардабынан жоғалған қаржылай шығындар қосымша көрсетіледі.