Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тегеранда украиналық Boeing 737-800 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты үкіметке қарсы акциялар басталды.
"Настоящее время" хабарлауынша, наразылық шаралары Ислам революциясының қорғаушы корпусы (КСИР) жолаушылар лайнеріне оқ жаудырғаны үшін жауапкершілікті толық өзіне алғаннан кейін басталған.
Негізінен студенттерден құралған жүздеген адам Тегерандағы бірнеше университет ғимаратының алдында апат салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін жиналды. Олар ұшақтың апатқа ұшырауына кінәлілерді жазалауды және қызметінен босатуды талап етті.
Кейіннен наразылық білдірушілер Ислам революциясы корпусы мен Иранның рухани көшбасшысы Али Хаменеиді сынап, ұрандата бастады.
Куәгерлердің айтуынша, жиналғандар "Өтірікшілер, өтірікшілер!", "Ислам революциясының қорғаушылары, елімізге тыныштық бер, масқара сендерге!" және "Диктатор кетсін!" деп ұрандатқан.#BreakingNews:
—
Today protestors at Sharif University in Tehran,Iran are chanting:”Don’t be afraid!Don’t be afraid!We are all together”,to encourage each other to stand up against the brutal regime of #Iran, that killed 1500 of protesters in just 4days two months ago!#IranProtest pic.twitter.com/ctL1RfT5Hs
Fars агенттігінің ақпараты бойынша, акция қатысушылары барлығының көзінше қаңтар айының басында америкалықтардың соққысынан қаза тапқан генерал Касем Сулейманидің портретін жыртып тастаған.
Полиция жаппай тәртіпсіздікті тоқтату үшін көзді жасаурататын газ бен жарық-шу гранаталарын қолданған. Алаңға шыққандарды елдің күш құрылымдары мотоциклмен қоршап алды, кей блогер әлеуметтік желілерде полициямен қақтығыс болғанын да хабарлады.
БАҚ пен әлеуметтік желі қолдаланушылар оқиға болған жерден фото және видео жариялап жатыр.
Бұдан бөлек, Ирандағы Ұлыбритания елшісі Роберт Макэйрді ирандық күштер Амір Кабир атындағы университет алдында ұстағаны белгілі болды.
Елдің Tasnim агенттігінің мәліметі бойынша, дипломат демонстранттарды "радикалды іс-әрекеттерге" арандатқан. Елші бірнеше сағат қамауда болып, кейін босатылды.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі елшінің "қандай да бір негізсіз немесе түсіндірмесіз" ұсталуы "халықаралық құқықты бұзу" деп атады.
Роберт Макэйр АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында наразылық білдірушілерді қолдады.
Бұрыннан бері зардап шегіп келе жатқан, бірақ батыл ирандықтарға: Мен президент болғалы сіздермен біргемін, менің әкімшілігім де сізбен бірге тұр. Біз наразылық шараларын өте мұқият қадағалаймыз және батыл әрекеттеріңізден шабыттанамыз, - деп жазды Трамп Иранның ресми тілінде.Трамптың пікірінше, Иран билігі "құқық қорғау топтарына елдегі наразылық орындарынан оқиғаны қадағалауға және хабарлауға" мүмкіндік беруі тиіс.
Айта кетсек, 8 қаңтар күні Тегераннан Киевке бет алған Украина халықаралық авиациясына тиесілі PS752 рейсі көкке көтерілісімен екі минут өткенде апатқа ұшыраған болатын. Өкінішке қарай, апат салдарынан бортта болған 176 адамның ешқайсысы тірі қалмады.
Бейбіт демонстранттарға қарсы шаралар да, интернет өшіру де болмауы керек. Әлем бақылап отыр, - деп жазды ол кейінірек Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін, Иран әуежайы Тегеран маңындағы украиналық ұшақ апатының себебін түсіндірді. Олар Тегерандағы жолаушылар ұшағының құлауына қозғалтқыштан шыққан өрт себеп болғанын мәлімдеді. Алайда, 11 қаңтар күні Иран Украина ұшағын байқаусызда атып құлатқанын мойындады.
Сонымен қатар, Иран президенті Украина халқынан кешірім сұрады. Украина билігі қаза тапқандардың отбасыларына төленетін өтемақы сомасын белгіледі.