Дикий Арманды қамауға алу мерзімі ұзартылды

6 Қаңтар 2023, 12:15
852
Бөлісу:
Дикий Арманды қамауға алу мерзімі ұзартылды

Атышулы Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) қамауға алу мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратта 2022 жылғы 29 желтоқсанда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылды делінген.

Азамат Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 2 ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзарту туралы санкция берілді, - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

Өзгелердің жаңалығы