«Digital Qazaqstan 2029»: Қазақстанда ЖИ дәуіріндегі жаңа стратегия қалай жүзеге асады?

 ©BAQ.KZ/Жанерке Жәкен 26 Тамыз 2026, 12:50
26 Тамыз 2026, 12:50
125
Фото: ©BAQ.KZ/Жанерке Жәкен

Астанадағы «Alem.AI» халықаралық жасанды интеллект орталығында Президент Жарлығымен бекітілген «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясының 2029 жылға дейінгі іс-қимыл жоспары таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шарада Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бақтияр Мұхаметқалиев сөз сөйлеп, стратегияның негізгі мақсаттары мен құрылымына кеңінен тоқталды.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан азаматтарды цифрландыру бойынша әлемде жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90%-ы онлайн форматқа көшірілген және қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесі 90%-ға жеткен.

«Цифрлық Қазақстан 2017» стратегиясында онлайн төлемдерді дамыту туралы айтылғанда, көбі бұған сенімсіздікпен қараған еді. Ал бүгін біз осы шындықта өмір сүріп жатырмыз, – деді Бақтияр Мұхаметқалиев.

Вице-министр «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясының мақсаты мен тармақтарына тоқталды.

Стратегияның басты мақсаты – Қазақстанды технологиялық суверенитеті бар, экономикасы дамыған, азаматтардың өмір сүру сапасы мен мемлекеттік аппарат тиімділігі жоғары цифрлық мемлекетке айналдыру, - деді ол. 

Вице-министр Бақтияр Мұхаметқалиев өз сөзінде стратегияның 20 ірі инициативаны қамтитын 3 негізгі деңгейден тұратынын атап өтті:

1. Азаматтардың мүддесі (Үздіксіз цифрлық траектория): Білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік қызметтер адам өмірінің әр кезеңінде (балабақшадан зейнетке дейін) фондық әрі проактивті режимде көрсетіледі. Мұнда AI-SANA арқылы адам капиталын дамыту, цифрлық денсаулық сақтау, қауіпсіз қалалық орта (AI-Native cities) өңірлерде кеңінен енгізіледі.

2. Бизнес пен экономика (Еңбек өнімділігін арттыру): Энергетика, өнеркәсіп, құрылыс, АӨК, қаржы, көлік және логистика салалары. Мұнда «көрінбейтін» салықтық әкімшілендіру, ДӨА алқабы (AI Hub), робототехника және квазимемлекеттік секторды оңтайландыру сияқты бағыттар бар.

3. Мемлекеттік аппарат: Шенеуніктердің шешім қабылдауы Data-driven (деректерге негізделген) жүйеге көшеді. Бюджетті жоспарлау алгоритмделіп, киберқауіпсіздік талаптары күшейтіледі.

Наверх