"Digital Almaty". Министр халықаралық форум не себепті Алматыда өтіп жатқанын айтты

1 Ақпан 2024, 11:00
1042
Бөлісу:
"Digital Almaty". Министр халықаралық форум не себепті Алматыда өтіп жатқанын айтты
PHOTO
Фото: автордан

Атакент көрме орталығында "Digital Almaty-2024" халықаралық форумының ашылуы өтті. Оған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және халықаралық сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

"Digital Almaty". Министр халықаралық форум не себепті Алматыда өтіп жатқанын айтты

Алматыда "Digital Almaty-2024: "Х индустриясы - Болашақтың цифрлық эволюциясы" цифрлық форумы 6-рет өтіп жатыр. Халықаралық форум 3 ақпанға дейін жалғасады.

"Digital Almaty". Министр халықаралық форум не себепті Алматыда өтіп жатқанын айтты

Биыл "Digital Almaty" VI форумы өнеркәсіптегі цифрлық трансформация, GovTech, 4.0 индустриясы, ESG, Smart City және басқа да салалардағы инновациялық шешімдерді ұсынатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынды. Панельдік пікірталастар шеңберінде халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары, IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар қатарынан 200-ден аса спикер қатысады. Экономика мен инновация секторларында жаңа технологияларды қолдану жайында табысты кейстерін сіздермен бөліседі. Үш күндік цифрлық іс-шараға 30 мыңнан аса адам қатысады деп жоспарланған.

"Digital Almaty". Министр халықаралық форум не себепті Алматыда өтіп жатқанын айтты

Биылғы форумның тақырыбы – "Өнеркәсіп саласын цифрландыру". Жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өнеркәсіп ландшафтын түбейгейлі өзгертуде. Цифрландыру экономиканың түрлі салаларында қолданып келеді, ол: машина жасау, пайдалы қазбаларды алу және т.б. Осындай уақытта жаңа ережелерге бейімделе білгендер жеңіске жетеді. Дәл осындай форумға неге Алматы қаласын таңдадық? Себебі Алматы өңірдің IT бесігіне айналды. "Digital Almaty" сынды форумдардың өтуі жоғары біліктің мамандардың көбейіп, халықаралық компаниялардың көбеюіне әсер етеді. "Digital Almaty" алаңында алғаш рет Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының цифрлық форумы өткелі отыр. Бұл жиын ұйымға мүше мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастықты күшейтеді, – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

"Digital Almaty". Министр халықаралық форум не себепті Алматыда өтіп жатқанын айтты

Форум аясында «Industry 4.0 Startup Battle» атты үздік өнеркәсіптік стартапты анықтайтын ауқымды сайыс, IT-экожүйе саласындағы жобалар туралы тәжірибе, ақпараттарды бөлісетін, отандық ірі жер қойнауын пайдаланушылардың, технопарктердің, технологиялық компаниялардың көрмесі жоспарланған.

"Digital Almaty". Министр халықаралық форум не себепті Алматыда өтіп жатқанын айтты

Ұйым ішінде цифрлық даму бағытындағы жұмыстар жүргізіліп келеді. Нақты айтқанда, 17 жыл ішінде бірқатар жетістікке жеттік. Тәжірибе алмасуға арналған форумдар, көрмелер өтті, ұйымға мүше елдердің арасында цифрлық даму деңгейі біршама теңесті. Осы тұста, Қазақстанның цифрлық даму бағытындағы жетістіктерін атап өтпеуге болмайды, – деді ШЫҰ бас хатшысының орынбасары Григорий Логвинов.

"Digital Almaty". Министр халықаралық форум не себепті Алматыда өтіп жатқанын айтты

Еске сала кетейік, Digital Almaty форумы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының (Tech Garden) ұйымдастырумен өткізіліп отыр.

"Digital Almaty". Министр халықаралық форум не себепті Алматыда өтіп жатқанын айтты
Өзгелердің жаңалығы