Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі болғандай, олардың қатарына тәтті, тұзды және алкогольдік өнімдер жатады. Бұл туралы Lenta.ru мәлімдеді.
Дәрігерлердің айтуынша, организмді жылдам қартайтатын тағамдардан аулақ болған жөн.
Атап айтқанда, тәттілер мен жылдам көміртектердің зияны көп. Өйткені олар қанға бірден түсіп, инсулин деңгейінің тұрақсыздығын тудырады. Бұл өз кезегінде организмге оң әсер етпейтіні анық.
Одан басқа, алкогольдік ішімдіктер мен тұзды тағамдар да адамды тез қартайтады. Себебі ол ісінуге алып келеді.
Ғалымдар егер адам дұрыс тамақтану режимін сақтап, көп су ішіп, тұрақты түрде спортпен айналысып, уақытында ұйқтаса, ерте қартаюдың алдын алуға болады деп отыр.