Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетолог мамандар күз кезінде артық салмақтан арылуға көмектесетін тағамдарды атады. Олардың айтуынша, асқабақ, алма мен брюссель қырыққабаты қыстың алдында дене сымбатыңызды қалпына келтіруге таптырмас көмекші деп жазады Lenta.ru.
Сарапшылардың пікірінше, асқабақ қоректендіруші затқа ғана емес, жасұнықтан тұрады. Ол аштық сезімін басып, қажетіне қарай организмге қуат сыйлайды. 90 пайыз судан тұратындықтан, калориясы төмен әрі артық салмақтың жауы деп отыр.
Асқабақ дәрумендер мен минералдарға бай. Қантсыз асқабақ езбесінен сорпа жасауға немесе оны сұлы үлпегімен және жаңғақ пастасына қосуға болады, - дейді тамақтану бойынша мамандар.
Күзде пісетін жемістердің қатарындағы алма да салмақ тастауға көмектеседі. Бір алмада 5,4 грамм жасұнық бар, бұл дегеніміз күнделікті норманың 19%-на тең. Алмаға бадам майын қоссаңыз, көпке дейін қарныңыз ашпайды. Сондай-ақ қырыққабат және грек жаңғағына алма қосу арқылы дәмі тілді үйіретін салат жасай аласыз.
Брюссель қырыққабаты да диетологтардың сүйікті тағамы. Ол балық немесе тауық еті секілді майлы емес нәруыздармен жақсы үйлеседі. Ал қырыққабаттың дәмі ұнамаса, буға пісіру – балама тәсілдердің бірі.
Диетологтар әдемі дене бітіміне қол жеткізу үшін тұзды, майлы және тәтті тағамдардан бас тарту да жеткілікті екендігін ескертеді.