Диетологтар қарбыз бен қауынның денсаулыққа зиянын атады

14 Тамыз 2021, 18:13
13602
Бөлісу:
Диетологтар қарбыз бен қауынның денсаулыққа зиянын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетологтар қанындағы қант деңгейі жоғары және несептас ауруына шалдыққан жандарды қарбыз және қауын жегенде сақ болуға шақырды. 

Сүйікті жеміс денсаулыққа орасан зиян келтіруі мүмкін, деп жазды РИА Новости.

Сондай-ақ диспепсиялық құбылысты асқазан-ішек жолдары, несептас аурулары, қант диабеті кезінде қарбыз бен қауынды аса сақтықпен тұтынған дұрыс көрінеді.

Кейде ең пайдалы деген жемістер мен жидектер организм үшін зиян болып табылуы мүмкін. Бұл өнімнің сапасына, тағамға тұтынылған мөлшері, сондай-ақ өсірілу жағдайымен байланысты, - деп отыр мамандар.

Сарапшылар қарбызды түскі мезгілге дейін жеген дұрыс деп санайды. Егер ол бөгде заттармен тыңайтылған болса, қарбыздан уланып қалу қаупі күшейеді. Сол себепті бақша дақылын дәл маусымы кезінде ғана сатып алып, оның қайда өсірілгендігі туралы білген дұрыс көрінеді.

Бұған дейін бір ай бойы нан жемесе, адам организмінде не болатындығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы