Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетологтар стресс кезінде артық тамақтану әдетінен арылудың ең оңай жолы туралы айтты. Бұл туралы ABC хабарлайды.
Мазасыздық пен стресс адамдарға психикалық деңгейде ғана емес, сонымен бірге тұтастай алғанда организмге де теріс әсер етеді.
Артық тамақтану әдеті көптеген жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, тамақ біздің миымызға дәрі сияқты әсер етеді.
Диетологтар біз не жейтінімізді, неге жейтінімізді және қашан жейтінімізді бақылай білу маңызды дейді.
Егер сіз стресс кезінде қарныңыз аш болып тұрғандай сезінсеңіз, ондай кезде мамандар пайдалы тағамдар таңдауға кеңес береді.
Бұл жағдайда диетологтар бірнеше нұсқаны ұсыныпты:
- жеміс-жидектер
- сүзбе
- черри қызанақтары
- үй жағдайында жасалған попкорн
- табиғи йогурт
Сондай-ақ, дәрігерлер эмоционалды аштық сезімін болдырмау үшін бірнеше қарапайым әдістерді меңгеруді ұсынады:
- жартылай фабрикаттардан бас тастаңыз
- бір аптаға мәзір жасаңыз
- күнделікті асқа көкөністер мен жемістер қосыңыз
- тамақ ішпей, аш қарындай көп уақыт жүрмеңіз
- көбірек су ішіңіз.