Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер май алмасуды жақсартып, артық салмақтан арылтуға майлы теңіз балығы, зәйтүн майы мен авокадо арықтауға көмектесетінін айтты. Алайда оларды көп мөлшерде тұтыну керісінше, салмақ қосуға себеп болады деп жазады Lenta.ru.
Сарапшылар кофе, ананас пен көк шай шын мәнінде тез арада дене сымбатыңызды қалпына келтіруге көмектеседі деп отыр. Диета ұстау кезінде сауатты жасалған рационның қатарына күрделі көмірсу, пайдалы май, ақуыз бен жасұнықты қосуға болады.
Сондай-ақ дәрігерлердің айтуынша, артық салмақпен күресу жолындағы ең басты жау – үйде зиянды тағамның болуы дейді. Салмағын қалыпқа келтіргісі келетіндер үшін ең қауіпті сәт кешке жұмыстан келіп, тыныққысы келген кезде орын алатын көрінеді.