Алматы, BAQ.KZ. "Дезинфекция орталығы" РММ-нің Алматы қаласы бойынша филиалы дезинфекциялық препараттардың зияндылығы жөнінде түсінік берді.
Орталықтың мәліметінше, қолданылып жатқан дезинфекциялық препараттар қауіптіліктің 4-сыныбына жатады (қауіптілігі аз) және адам, жануарлар денсаулығына зиян тигізбейді. Барлық жұмыс дезпрепараттар бекітілген нұсқаулықтарға немесе әдістемелік нұсқамаларға сәйкес дайындалған.
Алматыны дезинфекциялау жұмыстарына ҚР және Кеден одағы елдерінің аумағында қолдануға рұқсат етілген препараттар ғана пайдаланылады. Тротуарларды, аялдама кешендерін, қоқыс жәшіктерін, банкоматтарды және тағы басқа дезинфекциялау үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери дезотрядтары белсенді хлор бойынша 0,015% концентрациядағы натрий гипохлоритін пайдаланады, - делінген хабарламада.
Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығының дезинфекциялық бригадалары науқастың үй ошақтарында және емделіп шыққандардың жатқан ауруханаларындағы обсервациялық бөлімшелері мен медициналық орталықтарына өңдеу жүргізеді.