Англия құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэм футболды дамытуға қосқан зор үлесі мен британ қоғамы алдындағы еңбегі үшін ресми түрде рыцарь атағын алды. Футбол аңызын король Чарльз III марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BBC Sport басылымына сілтеме жасап.
Салтанатты рәсім 4 қараша күні Беркшир графтығындағы Виндзор қамалында өтті. Ерекше құрмет көрсету рәсімін жеке өзі король Чарльз III өткізді.
Церемонияға спортшының жары Виктория Бекхэм және оның ата-анасы – Сандра мен Дэвид Бекхэмдер қатысты. 2017 жылы сән индустриясындағы жетістіктері үшін Британ империясы орденімен марапатталған Виктория Бекхэм жолдасы киіп шыққан костюмді өзі ойлап тауып, өзі тіккен.
Рыцарь атағын алу – Дэвид Бекхэм өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Ол бірнеше онжылдық бойы ағылшын футболының және қоғамдық белсенділіктің символына айналып келеді.