Десантшылар парашютпен секіру жаттығуын орындады

25 Қаңтар 2020, 07:25
1438
Бөлісу:
Десантшылар парашютпен секіру жаттығуын орындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Десантты-шабуылдаушы әскерлерінің 2020 жылғы қаңтардағы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Талдықорған, Алматы және Қапшағай гарнизондарында 800 метр биіктіктен Ми-17 тікұшағынан 1000 десантшы парашютпен секіруді жүзеге асырды.      

Олардың арасында жүз шақты мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер алғаш рет секіруді орындады.

Десант-шабуылшы әскерлер қолбасшысы басқармасының әуе-десант дайындығы бөлімінің офицері подполковник Ержан Смайылов атап өткендей, секіруге жіберілген барлық әскери қызметшілер алдын ала дайындықтан өтіп, парашютті ретке келтірудің барлық кезеңдерін үйренді. Бөлім психологтары моральдық-психологиялық жағдайды тексерді, өйткені ол секіруге рұқсат беру және кешенді сынақ болып табылады.

Парашютпен секіру – бұл үлкен позитив сыйлайды. Тікұшақтың бортында қорқыныш пен шаттық сезімдері аралас. Иықтан қағып белгі берілгеннен соң, секіруің керек. Сол сәтте ерекше сезімге кенелесің. Парашютің ашылған кезінде, десантшылардың қатарына қосылғаныңды түсінесің, – дейді мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Марат Қасым.
Парашютпен секіргендердің арасында қыздар да бар. Атап айтқанда, радиотелефонисттер қатардағы жауынгер Смағұлова Диана мен Әуелбекова Зура. Әйелдер арасында 2020 оқу жылында бағдарламаны алғаш рет жүзеге асырған нәзік жандыларға командирдің атынан әуе-десанттық даярлық ісіне белсенді қатысқандары үшін грамоталар табыс етілді.

2020 оқу жылына арналған жауынгерлік даярлықтың бағдарламасы бойынша десантшылардың 10 000-ға жуық секірулері жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы