Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты негізде жұмыс істейтін тұрақты комиссиясының төрағасы Кендебай Адамбеков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Осы жылдың сәуір айынан бастап тұрақты комиссияда 20-дан астам отырыс өткізді, оның ішінде жоспарлы, қоғамдық тыңдаулар мен көшпелі жиналыстар да қамтылған.
Тұрақты комиссияның барлық мүшелері комиссия қызметіне және мәслихаттың басқа органдарына белсенді және нәтижелі қатысады. Олар бекітілген өз округтерінің тұрғындарымен тұрақты байланыста, сайлаушылардың оларға келіп түскен өтініштерін қарайды, азаматтарды тұрақты жеке қабылдауды жүргізеді.Тұрақты комиссия алдағы жылдарға арналған Астана бюджетін дайындауға және бекітуге бағытталған, бұл комиссия қызметіндегі басымдықтардың бірі болып табылады,-деді Кендебай Адамбеков Астана қаласының коммуникациялар қызметінде.
Адамбековтың айтуынша, биыл 13 маусымдағы жағдай бойынша 16 665 жаңа жұмыс орны құрылды, құрылыс саласында - 568, өнеркәсіп саласында - 372, саудада - 5 603, денсаулық сақтауда - 860, білім беруде - 788, транспорт және қоймалауда - 733, басқа да түрлерде - 4 313, ауыл, орман және балық шаруашылығында -175, уақытша - 3 253. Оның ішінде шағын және орта бизнес саласында -14 128 адам жұмыс орнымен қамтылған.