Депутаттар Жем өзені мен Құрсай өзектерінің түбін тереңдету жұмыстарымен танысты

Бүгiн, 17:43
135
Бөлісу:
Депутаттар Жем өзені мен Құрсай өзектерінің түбін тереңдету жұмыстарымен танысты
PHOTO
Фото: Мәжіліс

Бүгін Мәжіліс депутаттары Әділ Жұбанов пен Дүйсенбай Тұрғанов Атырау облысы Жылыой ауданына сапары барысында Жем өзені мен Құрсай өзектерінің түбін тереңдету жобасының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сапар аясында депутаттар жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың тұрмыс-тіршілігін, өңірдегі экологиялық жағдайды және атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Азаматтардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, Парламентте қабылданып жатқан заңдар туралы пікір алмасты.

Депутаттар Жем өзені мен Құрсай өзектерінің түбін тереңдету жұмыстарымен танысты

 Бүгін жылыойлықтармен кездесіп, көктемгі маусымға дайындықпен таныстық. Атап айтқанда, Жем өзені мен Құрсай өзектерінің түбін тереңдету жұмыстарын көрдік. Жоба аясында жергілікті жердің географиясын жатқа білетін көнекөз қариялар мен ауылдың белсенді азаматтарының ұсыныстары ескеріледі. Осы мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыс әрдайым біздің назарымызда болады, – деді депутат Дүйсенбай Тұрғанов.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 95 шақырым болатын түп тереңдету жұмыстары жоспарланған. Атап айтқанда, Құрсай каналы – 46,1 шақырым, Жем өзені – 48,9 шақырым, бөгет құрылысы – 61 шақырым.Қазіргі уақытта Жем өзенінің 4 шақырымы және Құрсай каналының 31 шақырымы, жалпы 35 шақырым түп тереңдету жұмыстары аяқталған. Түп тереңдету және бөгет салу жұмыстарына 107 арнайы техника жұмылдырылған.

Депутаттар Жем өзені мен Құрсай өзектерінің түбін тереңдету жұмыстарымен танысты

Жұмыс кестеге сай көктемге дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Депутаттардың айтуынша, бұл шаралар көктемгі су тасқынының алдын алуға және аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді.

Өзгелердің жаңалығы