Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Олар мынадай құжаттар:
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сайлауды жетілдіру мәселелері жөніндегі ілеспе түзетулер;
2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы;
Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы;
Цифрлық кодекс жобасы мен оған ілеспе түзетулер;
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңға енгізілетін түзетулер;
Қырғызстанмен және Мароккомен бірқатар халықаралық шартты ратификациялау туралы заң жобалары.