Сербияда парламент отырысында депутаттар төбелесіп, соңы сұмдық жайтпен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТАСС таратқан мәліметке сәйкес, Ұлттық ассамблеяның отырысында оппозициялық партия депутаттары төбелес шығарған. Сондай-ақ олар пиротехникалық зат қолданып, сессияны бұзуға әрекет жасағандықтан соңы тәртіпсіздікке ұласты.
Оқиға "Солшыл-жасыл майдан" депутаты Радомир Лазович мінберге кезексіз көтерілмек болған кезде басталған. Парламент қауіпсіздік қызметкерлерінің оны тоқтату әрекеті төбелеске ұласты. Оппозициялық депутаттар түтін бомбаларын жағып, Сербия президенті Александр Вучичті тақтан тайдыруға шақырған баннер ілінді.
Бұған жауап ретінде билеуші Серб Прогрессивті партиясының мүшелері елдің туын жайды.
Тәртіпсіздіктер кезінде үш депутат жарақат алды, оның ішінде Ясмина Каранац (Сербияның социал-демократиялық партиясы), сондай-ақ Ясмина Обрадович пен Соня Илич (екеуі де Серб прогрессивті партиясынан). Обрадович жарылғыш гранатадан жарақат, инсульт алды. Оның жағдайы ауыр деп бағаланды. Сегіз айлық жүкті Илич ауруханаға түсіп, дәрігерлер сәбиінің өмірі үшін күресіп жатыр.