Депутаттар Smart Aqkol ахуалдық орталығының жұмысымен танысты

28 Тамыз 2019, 17:08
1745
Бөлісу:
Депутаттар Smart Aqkol ахуалдық орталығының жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс депутаттары Ж.Дүйсебаев, Г. Қарақұсова және Т. Яковлева Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды.

Азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға, қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталып, цифрландыру саласында жүзеге асырылған «Smart city» жобасымен танысқан депутаттар аталған орталықтың болашағы зор екеніне назар аударды.

Жан-жақты соңғы технологиямен қамтамасыз етілген орталық одан әрі дұрыс, әрі нақты  жұмыс істесе тұрғындарға шынайы көмегін тигізбек.

Осы ретте,  Мәжіліс депутаты Ж.Дүйсебаев:           

«Қаланың ең негізгі деген сұрақтарын басқару жүйесі құрылған. Оның ішінде денсаулық сақтауғ, оқу саласы, тәртіп саласы, жарықпен қамтамасыз ету, уақытында жедел-жәрдем көрсету мәселелері және тағы басқа жағдайлар бұрынғыдай шешілмей уақытында шешіліп халық өзінің жағдайын жақсартуға жол ашады», - деді.

Айта кету керек, «Smart Aqkol» жобасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Цифрлы Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.

Онда барлық деректер диспетчерлік залы, мониторингілеуге арналған бейнеқабырғасы және бейнеконференцбайланыс жүйесі, call-орталығы бар объектіге – ахуалдық орталыққа келіп түседі.

Ахуалдық орталық ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру, қала өмірін тактикалық және стратегиялық басқару, қала ресурстары туралы дұрыс және өз уақытындағы деректерді агрегаттау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шешімдерді көрсету үшін қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Деректерді жинау және өңдеу бункерлік типтегі «Қазақтелеком» АҚ деректерді өңдеу орталығында жүргізіледі, ал бұл қауіпсіздік пен тұрақты жұмыс істеудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету тұрғысынан бірегей болып табылады.
Өзгелердің жаңалығы