Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Депутаттар пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады – Тоқаев

Олжас АДАЙ
Бүгiн, 13:29
152
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламентті жасақтау тәртібіне қатысты ұсыныстарды таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің айтуынша, ұсыныстардың үшінші бөлігі депутаттарды сайлау жүйесіне қатысты болған.

Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтеді, сондай-ақ олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір саяси партиялар Парламентпен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттарды да пропорционалды жүйе арқылы қалыптастыруды ұсынғанын атап өтті.

Бірақ аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойлаймын, – деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы