Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атында болған тағы бір университеттің атауы өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы сенатор Бекбол Орынбасаров Сенат отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.
Бүгін Сенат Ұлттық қордан балаларға берілетін қаржыға қатысты заңды Мәжіліске қайтарған болатын. Депутат неге бұлай жасағандарын түсіндірді.
Бүгін біз ерекше заң жобасын қарадық. Парламентте ол егжей-тегжейлі қаралған болатын. Президенттің бастамасымен «Ұлттық қордан - балаларға» деген заң жобасы ұсынылды. Құжат Мәжілісте қаралып, бізге түсті. Біз жалпы негізгі тұжырымдаманы қабылдадық. Бірақ заңды талқылау барысында бірнеше өзгеріс енгізуге тура келді. Оның егжей-тегжейін қаржы вице-министрі айтып береді. Біріншіден, ақшаны аударуға байланысты. Мысалы, ақшаны жинақтау қорына аударған кезде доллардың бағамы әртүрлі болуы мүмкін. Доллар бағамы бір күнде 4-5 рет өзгеруі мүмкін. Сондықтан біз оны аудару күні емес, аудару уақыты деген өзгеріс енгіздік, - деді Бекбол Орынбасаров.
Сонымен қатар ол мәселені арнайы қарадық деп отыр.
Екіншіден, мұны бәріміз айтуымыз керек. Тұңғыш президент және Елбасы туралы заңның өзгеруіне байланысты біз осы мәселені арнайы қарадық. Ол жеке мәселе. Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы заңның нормасына сәйкес келтіру керек болды. Заңмен Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде оқыту мәселесі регламенттелген. Сенаторлар осы университеттің атауын Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті, Елбасының есімі деген сөздерді Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы туралы конституциялық заңның қолданылуын тоқтатылуына байланысты Қазақстан Республикасы деген сөздермен ауыстыруды ұсынды, - деп атап өтті сенатор.
Белгілі болғандай, заңнан ұлттық әл-ауқат қорының жалғыз акционерінің құзыретін реттейтін қайталанатын нормалар алынып тасталды.
Еске салсақ, қаңтарда Назарбаев «Құрметті сенатор» атағынан айырылған болатын.