Депутаттар балалар дәрігерлері мәселесін көтерді

9 Наурыз 2022, 17:20
1617
Бөлісу:
Депутаттар балалар дәрігерлері мәселесін көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» депутаттары балалар дәрігерлері мәселесін көтерді. Фракцияның тиісті депутаттық сауалын Дания Еспаева Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдады.  

Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз екенін атап өтті. Президенттің тапсырмаларын орындау және балалардың проблемаларын шешу үшін балалар дәрігерлерін даярлау мәселесін көтеру қажет деп санаймыз. Жасыратыны жоқ, қазір біз медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңінде кәсіби балалар дәрігерлеріне үлкен тапшылық көріп отырмыз. Бұл проблема әсіресе шалғай өңірлерде байқалады, - дейді депутат.

Дания Еспаеваның сөзінше, фракция 2016 жылы медициналық жоғары оқу орындарында «педиатрия» мамандығының жойылуын сынға алған. Кейін 2017 жылы педиатрия факультеттері қалпына келтірілді. Алайда, анықталғандай, бүгінде «педиатрия» мамандығы бойынша кадрлар даярлау мәселелерінде елеулі олқылықтар бар.

Мәселен, «Ақ жол» фракциясының депутаттарына өңірлерге жасаған сапары барысында медициналық ұйымдардың мамандары педиатр-дәрігерлерді даярлау бойынша қалыптасқан жағдайды қарастыруды сұрады. Өтініш берушілердің пікірінше, бакалавриат деңгейінде барлық мамандықтар бойынша педиатр-дәрігерлерді даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі мақсатты бағдарламасы бар педиатрия бойынша бейінді білім беру бағдарламалары жоқ. Осылайша, балалар мамандарын даярлаудағы проблема қазіргі уақытта резидентурада даярлау жалпы бейін бойынша 50%-ға және педиатрия бойынша 50%-ға орындалып отыр. Яғни дәрігер-резиденттер ересек адам ретінде де, балалар маманы ретінде де жұмысқа орналаса алады, - деп айтты Мәжіліс депутаты.

Алайда, балалар мамандығы таңдалмай, қалыс қалады. Негізгі бөлігі ересек тұрғындардың дәрігері ретінде шығарылады және жұмысқа орналастырылады. Бұл ЖОО-нан кейін түлек-резидент, яғни жас дәрігер балалар мамандығы бойынша оқуға барып, тағы 3-5 жыл кәсіби дағдылар алуы тиіс екендігіне байланысты. Нәтижесінде дәрігер білім алуды аяқтап, балалар педиатриясы бойынша мамандығын өмірінің 30-33 жылында ғана алады. Бұл кадрлар тапшылығын арттырады және мұндай принцип педиатрияда тапшы мамандықтар алуға деген ұмтылысты болдырмайды.

Мысалы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде ағымдағы кезеңде педиатрия бейіні бойынша резидентураларда балалар хирургиясы, неонатология, педиатрия мамандықтары бойынша 46 адам оқиды. Бұл сан батыс өңірінің сұранысқа ие педиатр-мамандары бойынша жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерінің жартысын да жаба алмайды. Сонымен қатар педиатр резиденттерді даярлаудың қолданыстағы бағдарламасы жұмысқа орналасуда қиындықтар туындайтын жалпы бейіндегі педиатрларды шығаруды көздейді, өйткені олар жоғары мамандандырылған емес. Ал емханалар мен стационарларға тек тапшы мамандар қажет: балалар пульмонологтары, балалар кардиологтары, - дейді ол.

«Ақ жол» депутаттық фракциясы жоғарыдағы мәселені шешу үшін ұсыныс айтты:

1) Бірінші кезекте педиатрия бойынша мамандарды даярлауға бағытталатын жалпы Қазақстан бойынша педиатриялық қызметті дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеу.

2) Бакалавр және жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық кезеңінде балалар мамандарын даярлау үшін үлгілік оқу жоспарларын жеке енгізу.

3) Тапшы бағыттар бойынша балалар мамандықтары үшін жеке гранттар ұсынуды қарастыру, оның ішінде - бакалаврдан бастап жоғары мамандандырылған интернатура мен резидентураға дейін барлық мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындарында педиатриялық факультеттердің толық көлемде жандануын қарау.

4) Интернатурада жалпы практика дәрігерлерін бағдарламаларда даярлау кезінде «педиатрия» бойынша кредиттер санын ұлғайту.

5) Педиатриядағы міндеттерді шешу үшін ғылыми-зерттеу институттарын, сондай-ақ мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындарын тарта отырып, балалар аурулары бойынша ғылыми жобалардың үлесін ұлғайту.

Өзгелердің жаңалығы