Депутаттар әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға квота енгізуді ұсынды

29 Желтоқсан 2021, 11:49
2236
Бөлісу:
Депутаттар әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға квота енгізуді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ғани Хамзин мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмыспен қамтылу мәселесін көтеріп, Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады.

Бүгін Мәжіліс жергілікті мәслихаттардағы депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 30 пайыздық квота енгізуді көдейтін заң жобасын жұмыс жасау үшін қабылдап алды.

«Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы заң жобасын қолдай отырып, оған өз ұсыныстар пакетін дайындады.

Жастар, әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жұмыспен қамтылу мәселесі де үлкен маңызға ие. Егер депутаттық мандаттарды бөлу туралы айтатын болсақ, онда Парламент депутаттары ғана өзге қызметтерді атқармайтын, кәсіби депутат болып саналады. Ал мәслихат депутаттары өз міндеттерін әлеуметтік жүктеме ретінде атқарып жатыр. Яғни 30% мандатты осы санаттарға бөлу реформасы жастар, әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бүкіл ел бойынша небәрі 32 жұмыс орнының пайда болуына ғана алып келеді, - деді депутат.

Ол мемлекеттік қызметкерлердің саны 88,5 мың адамды құраса, квазимемлекеттік секторда 809 мың жұмыс орны бар екенін атап өтті. Яғни дәл осындай квотаны осы бағытта қолдану жастарға, әйелдерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 32 жұмыс орнын емес, 269 мың жұмыс орнын бөліп беруге мүмкіндік жасар еді. Сонымен қатар, дәл сол жылғы мәліметке сәйкес еш жерде жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар саны да осы көрсеткішке жақын, нақтылай айтқанда, 286 мың адамды құраған болатын (NEET).

Егер жастар заң қабылдауға қабілетті болса, онда жас мамандар практикалық тәжірибе бен білім жинақтай отырып, өз кәсіби жолын төменгі сатылардан да бастай алады деген сөз. Ал жұмысқа орналасудың жаппай перспективасының жоқтығы шетелдік үздік университеттерді тәмамдаған білікті жас мамандардың «көкелердің» қолдауынсыз бір-екі жылдық ізденістен кейін, лайықты жұмыс таппай шет елдеріне көшу мәселесін тудырады. Мәселен, 2021 жылдың 3 тоқсанында Қазақстаннан 25 332 азамат кеткен, олардың әрбір төртіншісі 28 жасқа толмаған, көбі жоғары білімді. Ал, мыңдаған мемлекеттік мұнай өндіруші компанияларда жастар үлесі 2-4 пайызды ғана құрайды. «Самұрық-Қазына» қоры тобындағы штатты қызметкерлердің жалпы саны 264 200 адамды құрайды. Оның ішінде мүгедектер үлесі 1%-дан да аз. «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңда (9-баптың 6-тармағы) мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасы жұмыс орындарының 2-ден 4%-ға дейін белгіленгенімен, бұл бап белгілі бір себептермен тек ШОБ субъектілеріне ғана қолданылады. Ал Жұмыспен қамту басқармаларының мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға батылдық пен беделдері жетіспейтін көрінеді, - деп айтты Ғани Хамзин.

Депутат айтылғандарға байланысты «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының ұсыныстарын атап өтті:

1. Мемлекеттік органдардағы (министрліктер, ведомстволар және жергілікті атқарушы органдар), ұлттық компаниялар мен оның құрылымдық мекемелері саналатын квазимемлекеттік кәсіпорындардағы жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен әйелдердің жалпы үлесі туралы ақпаратты беру; 

2. Мемлекеттік қызметшілерге, ұлттық компаниялардың және квазимемлекеттік сектордың қызметкерлеріне қатысты әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға (депутаттар квотасына ұқсас) квота енгізу мәселесін қарастыру.

3. Мемлекет басшысының 2021 жылғы 10 шілдедегі әлемнің үздік технологиялық компанияларында жұмыс істейтін дарынды жастарды Қазақстанға қайтару бағдарламасын іске қосу туралы өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы баяндау.

Өзгелердің жаңалығы