Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар 9 заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутаттар мынадай заң жобаларына қорытынды әзірлейді:
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы»
- «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
- «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
- «Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы»
- «Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңның жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.