Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы әлеуметтік саясат, оның ішінде халыққа беріліп жатқан жәрдемақыға байланысты онлайн дөңгелек үстел өтті. Іс шараға Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ирина Смирнова қатысты.
Дағдарыс пен карантин көптеген кәсіпорындардың жұмысын тоқтатты және көптеген қазақстандықтардың жұмысы мен табысынан айрылды. Президент дағдарысқа қарсы шаралардың бірі ретінде мемлекет бірнеше миллион азаматқа 42 500 теңге төлеуде. Төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап, халық арасында үлкен түсініспеушіліктер пайда болды. Карантин басталғанына қарамастан көпшілігі жанталасып, осы жәрдемақыны қалай да болса алу керек деген оймен өтінімдер тастағаны белгілі. Бұл ең алдымен біздің үкімет жұмысының дұрыс жоспарланбағаны деп білемін, - деді спикер.
Сонымен қатар, жәрдемақыны алып жатқан адамдар туралы ақпараттар жоқ екенін айтты.
Әр түрлі әлеуметтік жағдайы төмен немесе олардың жалақылары, сол сияқты тұрғындардың тізімдері бар деп айтты. Алайда, бұл біз ойлағандай болмады. Қазір 42 500 теңгені аламын деп ойламаған адамдардың есепшоттарына түсіп жатыр. Енді олар сол ақшаны қайтадан қайтаруда. Ал шынымен де көмекке мұқтаж жандарға бір себептер бойынша бұл жәрдемақы берілмеді. Сондықтан да ашынған халықтар карантинге қарамастан банктер алдында ұзын сонар кезекте тұр. Ешқандай қиындықсыз бұл жәрдемақыны қажет етіп отырған адам алуы тиіс. Бірнеше күн бұрын 42 500 теңгені қайтару керек деп көп адамдар қоқып қалды. Тіпті, кейбір адамдар несие алып, туыстарынан ақша сұрап кетті, - деді Ирина Смирнова.
Карантиннен кейінгі жағдай қандай болмақ деген сауалға да өз болжамын жасады.
Қазір 3 мың кәсіпорындар құлдырау үстінде тұр. Бұл тек қана қазіргі жағдай. Ертең карантиннен шыққан бойда барлығы дағдарысқа ұшырамайды деп кім кепіл бере алады. Адамдар үйде отырып психологиялық тұрғыда күйзеліп отыр. Оған қоса, 42 500 теңгені ала-алмай отырған мұқтаж жандардың ойы сан-сақта. Жағдайлары қалай екенін ешкім білмейді. Естиміз қаладағы еріктілер осындай жандарға ақша жинап, көмектесіп жатыр. Оларға алғысымды білдіремін. Ал мұқтаж жандарды министрлік ойлай ма? - деді спикер.