Депутат ысырапшылықтан ең бірінші кімдердің құтылуы қажет екенін айтты

23 Мамыр 2021, 12:40
5162
Бөлісу:
Депутат ысырапшылықтан ең бірінші кімдердің құтылуы қажет екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ысырапшыл тұтынушылық – қазіргі тұтынушылық қоғамның басты атрибуты. Бұл туралы белгілі саясаттанушы, ҚР Парламент депутаты Ерлан Сайыров Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, ысырапшылықтан ең бірінші мемлекеттік органдар құтылуы қажет.

Мемлекеттің ысырапшылығы бюджетті әртүрлі экономикалық қайтарымы жоқ, қоғамға пайдасы аз іс-шараларды өткізуден тұрады. Бюджет мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі, білім, мәдениет, құқық қорғау, қорғаныс саласына бөлінуі қажет. Орталық және жергілікті жерлердегі бюджеттің шығысы қоғамның бақылауында болуы тиіс, - деді ол.

Депутат Ұлы Абай да ысырапты қатты сынға алғанын айтты.

«Өсек, өтірік, мақтаншақ. Еріншек, бекер мал шашпақ» бүгінге де тән. Бүгінгі өмірімізге отбасылық бюджеттің шамасына қарамастан меншікке, артық мүлікке ие болуға ұмтылу, ырду-дырдуға шектен тыс құмарлық, даңғойлық, әуейілік, еліктегіштіктен арылған дұрыс. Қарапайымдылық ұлттың негізгі бітімі болса, жолымыз ашық болады. Бүгінде ысырапқа қарсы қоғам, ел болып күрессек, ұлттық болмысымыз әлеуметтік салмақтан жеңілдеп, болашағымыз жарқын болады, - деп түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы