Депутат: Үкіметтің қарызы 25 трлн теңгеге жетті

21 Маусым 2024, 12:40
312
Бөлісу:
Депутат: Үкіметтің қарызы 25 трлн теңгеге жетті
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Татьяна Савельева Үкіметтің жарызы қанша теңгеге жеткенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бюджет Ұлттық қордан түсетін трансферттерге тәуелді болып қалды, ол 4 трлн теңгені құрады, активтерді сатудан түскен дивидендтерді есепке алғанда, бюджетке мұнай түсімдерінің үлесі 34%-ды құрады.

Үкіметтің қарызы 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 25 трлн теңге. Қарыз құрылымында 72% бюджет тапшылығын қаржыландыруға пайдаланылатын ішкі қарыздар. 2023 жылы ішкі қарыз алу 5,1 трлн теңгені, ал ішкі қарызды өтеу және оған қызмет көрсету түріндегі төлемдер 3,2 трлн теңге, яғни қарыз көлемінің 60%-дан астамы, - деді депутат.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Татьяна Савельева атап өткендей, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару сыйақы төлеумен және Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесін ескере отырып жүзеге асырылады. 

Оның сөзінше, бұл айтарлықтай өсуге әсер еткен. Нақтырақ айтқанда, 4,3трлн теңге немесе бюджеттің барлық кірістерінің 28%.

Өзгелердің жаңалығы